«Шығыс Жылу» АҚ Қазақстан Республикасындағы табиғи монополия субъектісі және квазимемлекеттік сектор ретінде тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырады. Сатып алу рәсімдерінің барлығы www.goszakup.gov.kz ресми мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық түрде жүргізіледі, бұл барлық әлеуетті жеткізушілер үшін тең жағдайларды қамтамасыз етеді.
Біз тұтынушыларымызбен теңдік пен адал бәсекелестік қағидаттарын сақтай отырып, ашық және адал ынтымақтастыққа ұмтыламыз, .
01.09.2021
«Өскемен жылу желілері» АҚ Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп, «Өскемен қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту» жобасы аясында келесі компонент бойынша байқау жариялайды:1. Автокөлік кранын, экскаватор-тиегішті, бульдозерді жеткізу. Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы. Байқаудың сәйкестендіру нөмірі: 18380127
Осы байқау ЕҚДБ электрондық сатып алу порталы (бұдан әрі "ECEPP" деп аталады) арқылы өткізілетін болады және пайдалану шарттарына сәйкес осы байқауға қатысу үшін қатысушылар ECEPP-ге тіркелуі тиіс.
ЕҚДБ қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын келісімшарттар ЕҚДБ-ның сатып алу саласындағы саясаты мен қағидаларына сәйкес жасалатын болады. Егер жеке немесе заңды тұлғалар үшін төлемдер жасауға немесе тауарлар импортына Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VII тарауы негізінде немесе Тапсырыс беруші елінің заңы немесе ресми қаулысы арқылы қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен тыйым салынған болса, ЕҚДБ қарыз қаражаты жеке немесе заңды тұлғаларға қандай да бір төлемдер жасау мақсатында немесе тауарлардың кез келген импорты үшін пайдаланылмайды.
Байланысушы тұлға: Ноғайбаев Е. С., даму жөніндегі директор
Сатып алушы: «Өскемен жылу желілері» АҚ
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 070004 Өскемен қ.,
Максим Горький көшесі, 61
Телефон / Факс: +7 (7232) 701-722 іш. 5400
E-mail: yerbolat.nogaibayev@ukteplo.kz


















