Жылыту қашан қосылады?

24.09.2020

«Өскемен жылу жүйелері » АҚ-ның 25.09.2020 жылғы № 00560 Бұйрығы және «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бастығы Е.Т. Тураровтың 24.09.2020 жылғы № 462 хаты негізінде, 2020 ж. 25-ші қыркүйектен бастап, «Өскемен ЖЖ» АҚ-ның жылу көзіне қосылған барлық объектілерге жылу маусымының басталғандығын хабарлайды. 
Қосылу, барлық өткен жылдар сияқты, жылу тұтыну объектілерінің техникалық дайындығын ескере отырып кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

3, 4, 6, 7, 9 және 105 қазандықтар (Ново-Ахмирово ауылы) қазандықтардың минималды рұқсат етілген жүктемесін қамтамасыз ете отырып, объектілер дайын болғаннан кейін қосылады.

Айтпақшы, жалпы үйдегі жылу есептегіш құралдары бар үйлер мен Техникалық дайындық паспорты дайын тутынушылар 1 қыркүйектен бастап жылуға қосылды.

Сіздің үйіңіздің жылу беру маусымының басталуына дайын екендігін мобильді қосымшаның жеке кабинетінен және Компанияның сайтынан біле аласыз.

Толық ақпарат Кәсіпорынның сайтында және Instagram-да орналастырылады.
Біздің жаңартуларымызды қадағалаңыз!