Жеке жылуесептегіштер жеке тұлғалар (жеке сектор)

Орнату

Құрметті тұтынушы!

ҚР 09.07.1998 ж. №272-1"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Заңына сәйкес реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері тұтынушыларға реттелетін коммуналдық қызметті есептеу құралдарын сатып алуға және оларды орнатуға міндетті, ал реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін тұтынушылардың реттелетін коммуналдық қызметті есептеу құралдары болуы міндетті, қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алу шартына сәйкес реттеліп көрсетілетін сатып алынған және орнатылған коммуналдық есеп құралы үшін уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге міндетті.

Жеке жылуесептегіш - жылу энергиясының санын айқындау және жылу жеткізгіштің массасы мен параметрлерін өлшеуге арналған аспап немесе аспаптар жиынтығы.

Жылуесептегіш үй құрылысы ғимаратына (немесе жеке меншік үйлердің меншік иелерінің келісімі бойынша жеке үй құрылыстарының тобына) орнатылады және екі шығынөлшегіштен, термотүрлендіргіштен, жылуесептегіштен, бекіту арматурасынан, GSM –модемінен, монтаждау бөлшектерінің жиынтығын тұрады.

ЖҮА орнатқан соң тұрғындардың мүмкіндіктері болады:

  • жылу тасымалдағыштың шығынын азайту есебінен жылу энергиясын үнемдеуге;

  • жылыту кезеңінің ұзақтығын реттеуге (үй ішінің жылыту жүйесін бұрын қосуға және кейінірек ажыратуға, немесе, керісінше) сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты.

Жылуесептегіштер орнатқан жеке үй құрылыстарының меншік иелері, есептеу жүктемелеріне бекітілген нормаларға сәйкес жылу энергиясына төлеуден жылуесептегіште тіркелген көрсеткіштерге сәйкес нақты тұтыну көрсеткіштері бойынша төлеуге ауысады.

Ең алдымен Сізге орнату әдісін айқындау қажет. Сізге таңдау үшін бірнеше нұсқаларды ұсынамыз:

№ 1 тәсіл

  1. Жылуесептегішті орнату үшін Сізге кез келген мамандандырылған монтаждау ұйымына жылуесептегішті орнату күнін келісу үшін және құнын анықтау үшін хабарлау қажет. Мысалы:

    Монтаждау ұйымының атауы

    Телефон

    ЖШС "ВПА"

    52-02-23

    «ЭнБиС» ЖШС

    77-67-77

    ЖШС "ТМ-Тепломир"

    22-42-89

    ЖШС "Кузнецов және К"

    26-73-43

    ЖШС "ТЭЛС монтаж"

    70-74-01

    ЖШС "ST GlobalEnergySecurity"

    91-04-16

    "Силумин-Сервис" ЖШС

    23-06-88

    "Предприятие ВТИ" ЖШС

    26-58-70

    ЖШС "Профэнергобезопасность"

    22-42-77

  2. Монтаждау ұйымы жылуды есепке алу түйінінің жұмыс жобасын (жылу есептегішінің түрі, орнату орны) "Өскемен Жылу жүйелері" АҚ (бұдан әрі "ӨЖЖ" АҚ) М. Горький көшесі, 61 каб.109 т. 701-722 (5390) немесе (5392) келіседі содан кейін аспаптарды монтаждауды және баптауды жүргізеді.

  3. Содан кейін монтаждау ұйымы "ӨЖЖ" АҚ т. 701-722 (5600) немесе (5391) М. Горький көшесі, 61, 108 каб. жылу есептеуішті пайдалануға қабылдауға өтінім береді және аспапқа қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін тұтынушыға "ӨЖЖ" АҚ өкілінің келу уақытын хабарлайды.

  4. "ӨЖЖ" АҚ өтінім бойынша, тұтынушының өкілінің қатысуымен есепке алу аспаптарын пайдалануға рұқсат алуды жүзеге асырады, бұл туралы тиісті акт жасалады және пломбалау жүргізіледі. Тұтынушының есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде жылу энергиясын және жылу жеткізгішін есепке алу оны пайдалануға қабылдау актісіне қол қойған сәттен бастап жүзеге асырылады.

№ 2 тәсіл

ЖҮА құны бойынша қайтарылу негізінде уәкілетті органмен (ШҚО бойынша ТМРжБҚАКД) келісумен «ӨЖЖ» АҚ есебінен 6 және 12 айға бөліп төлеу арқылы (немесе өзара келісу арқылы) орнату, орнатқан соң есептесу сәтінен кейін келетін айдан соңғы, әрбір айдың 25 күніне дейін төлеу арқылы орнатуға болады.

Бұл үшін «ӨЖЖ» АҚ жылуесептегішті орнатуға жазбаша өтініш ұсыну қажет. Бұдан әрі «ӨЖЖ» АҚ өкілдері жұмыстар жүргізеді:

  • Жылуесептегішті орнату орындарын зерттеу бойынша;

  • Жылуесептегішті сатып алуға электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша;

  • Жылуесептегішті орнатуға монтаждық ұйыммен келісім-шарт жасасу бойынша;

  • Үйдің меншік иесімен реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспабын ресімдеу және қол қоюға;

  • Жылуесептегішті орнату және пайдалануға қабылдауға, және жауапты сақтауға табыстауға;

Сатып алынған және орнатылған жылуесептегіш үшін төлемді есептеу Энергиямен Жабдықтаушы ұйыммен ай сайын, жылу энергиясы үшін есептесу парағында жеке жолда жазылу арқылы жүргізіледі.

Жылуесептегішті орнатуға толық төленгеннен кейін аспап тұтынушының меншігіне ауысады.

Аспапты орнату құнын бөліп төлеу:
Диаметрі шартты 20 мм мөлшерінде:

  • есепке алу аспабын сатып алу мен орнату құнын орнатылған айдан кейінгі айдың 25-не дейін төлеу кезінде – 475 133 теңге, ҚҚС есебімен.

  • есепке алу аспабын сатып алу мен орнату құнын 6 айға бөліп-бөліп төлеу арқылы төлеу кезінде – 489 716 теңге ҚҚС-мен;

  • есепке алу аспабын сатып алу мен орнату құнын 12 айға бөліп-бөліп төлеу арқылы төлеу кезінде – 511 590 теңге ҚҚС-мен.

Тексеру

Жылуесептегіштерді тексеру мемлекеттік метрологиялық қызметтерімен белгіленген тексеруаралық арақашықтыққа сәйкес жүргізіледі. Тексеру мерзімі аспаптың иесінің қолында болатын аспаптың тексеру сертификаттарында (төлқұжаттарында) көрсетілген. Егер жылу есептеуіштің жиынтығына кіретін қандай да бір аспаптардың салыстырып тексеру мерзімі өтіп кеткен болса, онда барлық жиынтықты пайдалануға жол берілмейді және есептеу есептік жүктеме бойынша жүргізіледі.

Есептесу қағазында аспапты тексеру мерзімі көрсетілген. Аспаптарды тексеру мерзімін нақтылауды «ӨЖЖ» АҚ 700-202 тел. арқылы немесе «ӨЖЖ» АҚ дербес қызмет көрсету Орталықтарының операторларынан мына мекенжайлар бойынша: М. Горький көшесі 61 каб. 101, "Шығысэнерготрейд" ЖШС Ворошилов к., 156-каб. 101, «Өскемен-Водоканал» МКК Ворошилов көшесі, 180 абоненттік бөлімінен білуге болады.

Алдымен Сізге тексеру тәсілін анықтап алу қажет. Сіздің таңдауыңызға бірнеше нұсқаларды ұсынамыз.

№ 1 тәсіл. Мамандандырылған монтаждау ұйымы арқылы тексеру.

  1. Төменде жылуесептегішті тексеру жүргізетін ұйымдар көрсетілген:

    Монтаждау ұйымының атауы

    Телефон

    ЖШС "ВПА"

    52-02-23

    «ЭнБиС» ЖШС

    77-67-77

    ЖШС "ТМ-Тепломир"

    22-42-89

    ЖШС "Кузнецов және К"

    26-73-43

    ЖШС "ТЭЛС монтаж"

    70-74-01

    ЖШС "ST GlobalEnergySecurity"

    91-04-16

    "Силумин-Сервис" ЖШС

    23-06-88

    "Предприятие ВТИ"ЖШС

    26-58-70

    ЖШС "Профэнергобезопасность"

    22-42-77

  2. Монтаждау ұйымы жылуесептегішті тексеруге пайдаланудан шығару үшін "ӨЖЖ" АҚ Call-орталықтың 700-202 тел. арқылы өтінім береді.

  3. Өтінім бойынша "ӨЖЖ" АҚ өкілі жылуесептегішті тексеруге пайдаланудан шығаруды, акті жасау арқылы жүзеге асырады.
  4. Монтаждау ұйымы тексеру жүргізілгеннен кейін аспапты монтаждау, қосу, баптау, жұмыс қабілеттілігін тексеруді жүргізеді, содан кейін жылу есептегішті пайдалануға «ӨЖЖ» АҚ өкіліне өтінім бойынша тұтынушының қатысуымен акт жасай отырып тапсырады.

№ 2 тәсіл

  1. Тұтынушы өз бетімен "ӨЖЖ" АҚ жылуесептегішті тексеруге пайдаланудан шығару үшін "ӨЖЖ" АҚ Call-орталықтың 700-202 тел. арқылы өтінім береді.

  2. Өтінім бойынша "ӨЖЖ" АҚ өкілі жылуесептегішті тексеруге пайдаланудан шығаруды, акті жасау арқылы жүзеге асырады.

  3. Тұтынушының мамандары дербес жылуесептеуішті бөлшектеуді орындайды және жылуесептегішті Қазақстан көш., 5 мекен-жайы бойынша орналасқан "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ ШҚФ тексеруге тапсырады.

  4. Тексеруден кейін жылуесептегішті монтаждау, қосу, баптау , аспаптың жұмыс қабілетін тұтынушының мамандарымен тексеру жүзеге асырылады және тек осыдан кейін ғана "ӨЖЖ" АҚ өкілі Call-орталықтың 700-202 тел. (5600) арқылы немесе (5391) М.Горький көш., 61 орналасқан каб.108 пайдалануға рұқсат беру актісін ресімдеу арқылы шақырылады.

    Ескертпе: аспаптар сынған жағдайда, құбырларды жөндеу барысында, аспаптың тексеру мерзімі аяқталған жағдайда тұтынушыдан өтінім Call-орталықтың 700-202 тел арқылы күнделікті (жексенбіден басқа) 8.00-ден 19.00 дейін (сенбі 9.00 ден 14.00 дейін) қабылданады.

Көрсеткіштерді беру тәсілдері

БІРІНШІ ТӘСІЛ
www.ukteplo.kz сайтындағы Сіздің жеке кабинетіңіз арқылы

ЕКІНШІ ТӘСІЛ
Тәулік бойы автожауапберуші арқылы 560-900.

ҮШІНШІ ТӘСІЛ
SMS-хабарламаның көмегімен: 8-777-535-52-69, 8-702-224-24-80 тел арқылы.

ТӨРТІНШІ ТӘСІЛ
ukts.sms@mail.ru электрондық мекен-жайына

БЕСІНШІ ТӘСІЛ
Call-орталығының 700-202 тел. күн сайын (жексенбіден басқа күндері) сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін (сенбі-9.00-ден 14.00-ге дейін).

АЛТЫНШЫ ТӘСІЛ
«ӨЖЖ» АҚ Дербес қызмет көрсету Орталығының операторына мына мекен-жай бойынша: М. Горький көшесі 61, 101-бөл.

ЖЕТІНШІ ТӘСІЛ
"Шығысэнерготрейд" ЖШС Ворошилов к., 156 немесе «Өскемен-Водоканал» МКК, Ворошилов көшесі, 180 орналасқан абоненттік бөлімдеріндегі «ӨЖЖ» АҚ операторына.

СЕГІЗІНШІ ТӘСІЛ
Бланк толтырып және оны М. Горький көшесі,61 мекен-жайы бойынша 105 каб.қарама-қарсы орналасқан «Жылуесептегіштің көрсеткіштері үшін» жәшігіне салу арқылы.

ТОҒЫЗЫНШЫ ТӘСІЛ
Модем байланысы құрылғысын орнату:

  1. мамандандырылған монтаждық ұйым (тізімі жоғарыда келтірілген) арқылы;

  2. «ӨЖЖ» АҚ арқылы, ол үшін «ӨЖЖ» АҚ мына мекенжай бойынша: М. Горький к., 61, каб. 109 тұтынушыдан модем орнатуға жазбаша өтініш ұсыну қажет. Модемді тұтынушының өзі сатып алады. Модемнің маркасын таңдауды «ӨЖЖ» АҚ келісу қажет;

Бұдан әрі «ӨЖЖ» АҚ өкілдері жұмыстар жүргізеді:

  1. Модемнің орнату орындарын зерттеу, электр желісіне қосудың (розетка) болуы бойынша;

  2. модемдік байланыс дабылының деңгейін өткізу бойынша;

  3. Дабыл деңгейі тұрақты (тиісті) үйлерде модемді орнату және қабылдау бойынша акт жасау арқылы модемді және Sim-карталарды орнату жүргізіледі.

Модемді орнатқаннан кейін «ӨЖЖ» ай сайын қашықтықтан тұрақты модемдік байланыс болғанда жылуесептегіштің көрсеткіштерін алады.

Жылуесептегіштің көрсеткіштерін әр айдың 25-не дейін беру қажет!