Жеке тұлғалармен шарт жасасу

Жылумен жабдықтауға жеке шартты пәтердің меншік иесі немесе тең иесі жасаса алады. Ол үшін сізге мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  • пәтердің құқығын анықтайтын құжаттар;
  • техникалық паспорт;
  • меншік иесінің жеке куәлігі;
  • азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтамасы.

Жылумен жабдықтауға жеке шартты жеке үй құрылысының меншік иесі немесе тең иесі жасаса алады. Ол үшін сізге мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
  • жеке үй құрылысының құқығын анықтайтын құжаттар;
  • азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтамасы;
  • меншік иесінің жеке куәлігі;
  • "Өскемен Жылу жүйелері" АҚ жылу желілері қосылуға техникалық шарттары (егер үй алғаш рет қосылатын болса);
  • жылу желілерінің теңгерімдік тиесілігін шектеу және тараптардың пайдалану жауапкершілігінің актісі (егер үй алғаш рет қосылатын болса және меншік иесі ауысқан жағдайда).
Шартты осы жерден оқыңыз (308Kb)