Жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу аспабы (көп қабатты үйлер)

Орнату

Құрметті тұтынушы!

ҚР 09.07.1998 ж. №272-1"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Заңына сәйкес реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері тұтынушыларға реттелетін коммуналдық қызметті есептеу құралдарын сатып алуға және оларды орнатуға міндетті, ал реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін тұтынушылардың реттелетін коммуналдық қызметті есептеу құралдары болуы міндетті, қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алу шартына сәйкес тұтынушылар реттеліп көрсетілетін сатып алынған және орнатылған коммуналдық есеп құралы үшін уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге міндетті.

Жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу аспабы (бұдан әрі-ЖЕА) – жылу энергиясы мен жылу тасымалдауды массасы мен параметрлерін анықтауға арналған    аспап немесе аспаптар жиынтығы (жылу есептегіш).

ЖЕА ғимараттың жылу кіретін орнына орнатылады және екі шығынөлшегіштен, екі термотүрлендіргіштен, жылудыесептегіштен, тиекті арматурадан,   GPRS-модемнен, монтаждау бөлігінің жиынтығынан тұрады.    

ЖЕА орнатқаннан кейін тұрғындардың мүмкіндіктері болады:

  • жылу тасымалдағыштың шығынын азайту есебінен жылу энергиясын үнемдеу;
  • сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты (үйдің ішкі жылыту жүйесін бұрын қосуға және кейінірек ажыратуға, немесе, керісінше) жылыту кезеңінің ұзақтығын реттеуге.

ЖЕА орнатқан тұрғын үйдің тұрғындары бекітілген нормалар бойынша төлеуден, ЖЕА тіркеген көрсеткіштерге сәйкес жылу энергиясын нақты тұтыну көрсеткіштеріне сәйкес төлеуге ауысады.  

2016-2017 жж. жылыту кезеңі бойынша төлемді санаудың талдауы көрсеткендей, турғын үйлерді жылыту үшін үнемі орташа алғанда 20% - дан 40% дейінгі көрсеткішті құрады. ЖЕА бар үйлерде жылыту маусымы   1 қыркүйекте басталып 31 мамырға дейін ұзартылуы мүмкін.

Тұрғындардың жалпы жиналысында ЖЕА орнату нұсқаларының бірін таңдай аласыз:

№ 1 тәсіл

ЖЕА «ӨЖЖ»АҚ-ның   қаражаты есебінен   уәкілетті органмен келісілген (ШҚО бойынша ҰЭМ ТМРжБҚКД)   құны бойынша (кіріс құбырларының диаметріне байланысты) қайтарымды негізде 6 және 12 айға бөліп төлеу арқылы ай сайын пайдалануға берілген күннен бастап, келесі есеп айырысудан кейін келетін айдың 25-күніне дейін төлеу арқылы орнату.

Бұл үшін, «ӨЖЖ» АҚ-на тұрғындардың ЖҮА орнатуға жазбаша өтінішін, ЖЕА орнатуға келісімге қол қойылған жиналыстың хаттамасын ұсыну арқылы беру қажет.

Бұдан әрі «ӨЖЖ» АҚ өкілдері  жұмыстар жүргізеді:

  1. ЖЕА орындарын зерттеу бойынша;
  2. ЖЕЕА сатып алуға электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша;
  3. ЖЕА орнатуға монтаждық ұйыммен келісім-шарт жасасу бойынша;
  4. Үйдің меншік иесімен реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспабын ресімдеу және қол қою бойынша;
  5. ЖЕА орнату және пайдалануға қабылдауға, және ПИК, КДМ және т.б. тұлғасында тұтынушылардың уәкілетті өкіліне жауапты сақтауға табыстау бойынша.

Сатып алынған және орнатылған ЖУЕА үшін төлемді есептеу Энергиямен Жабдықтаушы ұйыммен ай сайын, жылу энергиясы үшін есептесу парағында жеке жолда жазылу арқылы жүргізіледі. ЖЕА орнатуға толық төленгеннен кейін аспап тұтынушының меншігіне ауысады.

Аспапты орнату құнын бөліп төлеу:
Диаметрі шартты 20 мм мөлшерінде:

  • есепке алу аспабын сатып алу мен орнату құнын орнатылған айдан кейінгі айдың 25-не дейін төлегенде   – 475 133 теңге, ҚҚС есебімен.
  • есепке алу аспабын сатып алу мен орнату құнын 6 айға бөліп-бөліп төлеу арқылы төлегенде   – 489 716 теңге ҚҚС-мен;
  • есепке алу аспабын сатып алу мен орнату құнын 12 айға бөліп-бөліп төлеу арқылы төлегенде   – 511 590 теңге ҚҚС-мен.

Диаметрі шартты 32 мм мөлшерінде:

  • ЖЕА сатып алу және орнату құнын орнатылған айдан кейін келетін айдың 25-күніне дейін күніне дейін төлегенде   – 590 809 теңге ҚҚС-мен;
  • 6 айға бөліп төлеу арқылы төлегенде   – 608 943 теңге ҚҚС-мен;
  • 12 айға бөліп төлеу арқылы төлегенде   – 636 143 теңге ҚҚС-мен.

Диаметрі шартты 50 мм мөлшерінде:

  • жылу энергиясын сатып алу және орнату құнын орнатылған айдан кейін келетін айдың 25-күніне дейін күніне дейін төлегенде   – 720 595 теңге ҚҚС-мен;
  • 6 айға бөліп төлеу арқылы төлегенде   –    742 713 теңге ҚҚС-мен;
  • 12 айға бөліп төлеу арқылы төлегенде   – 775 888 теңге ҚҚС-мен.

Сатып алынған және орнатылған ЖЕА есептесу   Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен ай сайын, жылу энергиясы үшін есептесу парағында жеке жолмен жүргізіледі. ЖЕА ортақ үлестік меншік құқығы   Тұтынушыға тұтынушылардың Уәкілетті тұлғасы   атынан ЖЕА пайдалануға енгізілген   күннен бастап ауысады.  

№ 2 тәсіл

ЖЕА барлық тұрғындардан жиналған қаржы есебінен өз бетімен сатып алу және орнату. Бұл үшін есеп құралдарын орнатуға лицензиясы бар кез келген мамандандырылған монтаждау ұйымының өкілдерін шақырып, орнату орнын анықтау қажет. Мысалы:

Монтаждау ұйымының атауы

Телефон

«ВПА» ЖШС

52-02-23

"Кузнецов және К" ЖШС

26-68-27

26-73-43

«Предприятие ВТИ» ЖШС

26-58-70

«Силумин-Сервис» ЖШС

23-06-88

«ST Global Energy Security» ЖШС

91-04-16

«ЭнБиС» ЖШС

77-67-77

«ТМ-Тепломир» ЖШС

22-42-89

«Профэнергобезопасность» ЖШС

22-42-77

«ТЭЛС монтаж» ЖШС

70-74-01


Есепке алу аспабының орнату орнын және типін, маркаларын таңдауды тексеру қорытындысы бойынша сізге оның құны ұсынылады. Монтаждау ұйымы «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-мен (бұдан әрі «ӨЖЖ»АҚ) жылуесептегіштің таңдалған түрі бойынша жылуды есепке алу торабына жұмыс жобасын келіседі, содан кейін аспапты монтаждау мен қосуға кіріседі. Монтаждаған соң «ӨЖЖ» АҚ өкілін ЖЕА пайдалануға қабылдау үшін шақыру қажет. ЖЕА осы нұсқасын таңдаған жағдайда ЖЕА тұрғындардың меншігінде болады, сондықтан техникалық қызмет көрсету және салыстырып тексеру мәселелері жалпы жиналыста шешіледі.


Тексеру

Жылуесептегіштерді тексеру мемлекеттік метрологиялық қызметтерімен белгіленген тексеруаралық арақашықтыққа сәйкес жүргізіледі. Тексеру мерзімі аспаптың иесінің қолында болатын аспаптың тексеру сертификаттарында (төлқұжаттарында) көрсетілген.    Егер жылу есептеуіштің жиынтығына кіретін қандай да бір аспаптардың салыстырып тексеру мерзімі өтіп кеткен болса, онда барлық жиынтықты пайдалануға жол берілмейді және есептеу есептік жүктеме бойынша жүргізіледі.

Есептесу қағазында аспапты тексеру мерзімі көрсетілген. Аспаптарды тексеру мерзімін нақтылауды «ӨЖЖ» АҚ   700-202 тел. арқылы немесе «ӨЖЖ» АҚ   дербес қызмет көрсету Орталықтарының операторларынан    мына мекенжайлар бойынша: М. Горький көш., 61 каб. 101, "Шығысэнерготрейд" ЖШС Ворошилов көш., 156, 101-каб., «Өскемен-Водоканал» МКК Ворошилов көш., 180 абоненттік бөлімінен білуге болады.

Алдымен Сізге тексеру тәсілін анықтап алу қажет. Сіздің таңдауыңызға бірнеше нұсқаларды ұсынамыз.

№ 1 тәсіл. Мамандандырылған монтаждау ұйымы арқылы тексеру.

Төменде жылуесептегішті тексеру жүргізетін ұйымдар көрсетілген:

Монтаждау ұйымының атауы

Телефон

ЖШС "ВПА"

52-02-23

«ЭнБиС» ЖШС

77-67-77

ЖШС "ТМ-Тепломир"

22-42-89

ЖШС "Кузнецов және К"

26-73-43

ЖШС "ТЭЛС монтаж"

70-74-01

ЖШС "ST GlobalEnergySecurity"

91-04-16

"Силумин-Сервис" ЖШС

23-06-88

"Предприятие ВТИ"ЖШС

26-58-70

  1. Монтаждау ұйымы жылуесептегішті тексеру үшін пайдаланудан шығару үшін "ӨЖЖ" АҚ 701-722 (5600) немесе (5391) тел. арқылы, немесе М. Горький көш., 61 каб. 108 өтінім береді.
  2. Өтінім бойынша "ӨЖЖ" АҚ өкілі жылуесептегішті тексеруге пайдаланудан шығаруды, акті жасау арқылы жүзеге асырады.
  3. Монтаждау ұйымы тексеру жүргізілгеннен кейін аспапты монтаждау, қосу, баптау, жұмыс қабілеттілігін тексеруді жүргізеді,   содан кейін жылу есептегішті пайдалануға «ӨЖЖ» АҚ өкіліне өтінім бойынша тұтынушының қатысуымен акт жасай отырып тапсырады.

№ 2 тәсіл

  1. Тұтынушы өз бетімен жылуесептегішті тексеруге пайдаланудан шығару үшін "ӨЖЖ" АҚ 701-722 (5600) немесе (5391) тел. арқылы, немесе М. Горький көш., 61 каб. 108
  2. Өтінім бойынша "ӨЖЖ" АҚ өкілі жылуесептегішті тексеруге пайдаланудан шығаруды, акті жасау арқылы жүзеге асырады.
  3. Тұтынушының мамандары дербес жылуесептеуішті бөлшектеуді орындайды және жылуесептегішті Қазақстан көш., 5 мекен-жайы бойынша орналасқан "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ ШҚФ   тексеруге тапсырады.
  4. Тексеруден кейін жылуесептегішті монтаждау, қосу, баптау , аспаптың жұмыс қабілетін тұтынушының мамандарымен тексеру жүзеге асырылады және тек осыдан кейін ғана "ӨЖЖ" АҚ өкілі Call-орталықтың 701-722 тел. (5600) немесе (5391) арқылы М.Горький көш., 61 орналасқан каб.108 пайдалануға рұқсат беру актісін ресімдеу арқылы шақырылады.

Ескерту: Аспаптар сынған жағдайда, құбырларды жөндеу барысында, аспаптардыңың тексеру мерзімі аяқталған жағдайда тұтынушыдан өтінім   701-722 тел. (5600) немесе (5391) арқылы қабылданады.  


Көрсеткіштерді беру тәсілі

БІРІНШІ ТӘСІЛ

М. Горький к., 61, 108 каб. мекен-жайы бойынша немесе www.ukteplo.kz сайтынан басып шығару арқылы аспаптардың көрсеткіштері бар белгіленген үлгідегі бланкіні алыңыз.  

* белгіленген үлгідегі аспаптардың көрсеткіштері бар бланкі

Көрсеткіштер "ӨЖЖ" АҚ мына мекен-жайға: М. Горький к., 61, каб. 108 белгіленген үлгідегі бланкіде беріледі, сондай-ақ жылу тасымалдағыштың тәуліктік параметрлерін тіркеуші аспаптың мұрағаттық жадынан басып шығару, қағаз тасымалдауда.

ЕКІНШІ ТӘСІЛ

Модем байланысы құрылғысын орнату:

  • мамандандырылған монтаждық ұйым (тізімі жоғарыда келтірілген) арқылы;
  • «ӨЖЖ» АҚ арқылы, ол үшін «ӨЖЖ» АҚ мына мекенжай бойынша: М. Горький көш., 61, 109 каб.тұтынушының ПИК, КДМ және т.б. уәкілетті өкілінен модем орнатуға жазбаша өтініш ұсыну қажет.  
Бұдан әрі «ӨЖЖ» АҚ өкілдері жұмыстар жүргізеді:

  • Модемнің орнату орындарын зерттеу, электр желісіне қосудың (розетка) болуы бойынша;
  • модемдік байланыс дабылының деңгейін өткізу бойынша;
  • Дабыл деңгейі тұрақты (тиісті) үйлерде модемді орнату және қабылдау бойынша акт жасау және ПИК, КДМ және т.б. уәкілетті өкілінің тұлғасына жауапты сақтауға беру арқылы модемді және Sim-карталарды орнату жүргізіледі.

Модемді орнатқаннан кейін «ӨЖЖ» ай сайын қашықтықтан тұрақты модемдік байланыс болғанда жылуесептегіштің көрсеткіштерін алады.  

Егер көрсеткіштер мерзімінде берілмесе, беріледі, демек, жылу энергиясы үшін есептеу бекітілген тұтыну нормасы бойынша жүргізіледі.

Жылуесептегіштің көрсеткіштерін әр айдың 25-не дейін беру қажет!