Кәсіпорын реквизиттері

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ,
ҚР, ШҚО, 070004, Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 61, тел.: +7(7232) 26-95-43,
факс: +7(7232) 26-93-43, e-mail: ukheatnets@ukteplo.kz
БСН 970340000020,
ЖСК KZ6494809KZT22031742 Өскемен қ. 
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік сериясы 18001 №0022353, 02.08.2012 ж. берілді.

Жылу энергиясына төлем есеп айырысу айынан кейін келетін айдың 25- күніне дейін уақытында төленуі тиіс.

Құрметті тұтынушы!

«Өскемен жылу жүйелері» Сізге АҚ «ForteBank» АҚ-ның 12.04.2022 ж. сағат 18.00-ден бастап «Жинақтау банкі» АҚ ЕБ-ден және 05.05.2022 жылғы 18.00-ден бастап «Альфа-Банк» АҚ-дан төлемдерді қабылдауды тоқтататыны туралы хабарлайды.
Жылумен жабдықтау қызметтерін төлеу кезінде осы хабарламаны ескеруіңізді сұраймыз.
Сондай-ақ, «Өскемен жылу жүйелері» АҚ 13.04.2022 жылдан бастап «Жинақтау банкі» АҚ ЕБ ағымдағы шотының жабылғаны туралы хабардар етеді.

Төлемді Сізге ыңғайлы тәсілді таңдау арқылы жүзеге асыра аласыз

Карталарды ұстаушыларға арналған интернет-банкинг арқылы (комиссиясыз):

          hb.png            kb.png            fb.png

                                    logo_centercredit.png

Мобильді қосымшаларда (комиссиясыз):

                                 qb.png                     


Комиссиясыз қабылдайтын терминалдар мына мекенжай бойынша орналасқан: 
  • М.Горького к-сі, 61 («ӨЖЖ» АҚ ғимараты) 


Сіз сондай-ақ төлей аласыз (комиссиямен):

1. «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшелерінде.

2. Банктердің есеп айырысу-кассалық өлімшелерінде.

3. Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы (Qiwi).

4. Kassa24 төлем жүйесі арқылы

қызмет көрсету терминалдары арқылы:


kassa24.jpg



Уақытында төленбеген жағдайда Сіздің шотыңыз кешіктірілген болып саналады, оның себебінен – өсімпұлдың есептелу салдары туындайды. Егер Сізде төлеу бойынша қаржылық қиыншылықтар туындаса, онда сіз жедел түрде берешекті өтеу бойынша мәселені шешу үшін "ӨЖЖ» АҚ-на, М. Горький көшесі, 61 мекен-жайы бойынша, №101 кабинетке келуіңізге болады. Атап айтқанда біз сіздерге берешекті бөліп төлеуге Келісім жасауды ұсынамыз.

Келісім жасау рәсімі

Келісім - бұл қарызды өтеу әдісі, онда төлем құжаттың шарттарында көрсетілген белгілі бір сомалармен жүзеге асырылады.

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ келісім жасалған сәттен бастап:

  1. өсімпұлды есептеуді тоқтата тұрады,

  2. берешекті сот тәртібімен өндіріп алмайды,

  3. ыстық сумен жабдықтауды өшірмейді.

Келісім:

  1. мүлікті иелену және оған билік ету құқығы негізінде пәтердің иесімен немесе ортақ иеленушісімен, сондай-ақ жеке үй құрылысының иесімен немесе ортақ иеленушісімен,

  2. аталған тұтынушының мүдделерін білдіру туралы нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде сенім білдірілген тұлғамен,

  3. егер пәтер кәмелетке толмаған тұлғаға ресімделсе, баланың туу туралы куәлігі мен жеке куәлігін ұсынған кезде,

  4. қорғаншылықты белгілеу туралы әкімдік қаулысын ұсынған кезде әрекетке қабілетсіз адамның қорғаншысымен жасалады.

Келісім мынадай құжаттар болған кезде жасалады:

  1. мүлікті иелену құқығын растайтын құжаттар (түпнұсқа),

  2. жеке куәлік (түпнұсқа),

  3. тіркелген жері бойынша Egov порталынан тіркелгенін растайтын мәліметтер,

  4. келісім жасасу кезінде қол қойылған салыстырып тексеру актісі.

Алдын ала ауызша сұхбаттасу барысында қарызды өтеу шарттары қарастырылады.
Бастапқы жарнаны төлеу сомасы жеке шешіледі. Екі тараптан өзара келіскен жағдайда келісімнің бланкілері толтырылады. Келісім жасасу мәселелері бойынша 560-566 тел. арқылы Сall-орталыққа қоңырау шалуға болады.