Шот бойынша ақпарат


Ай сайын электронды поштадан есептесу парағын алып тұру үшін, Сіз:
1. Өзіңіздің жеке кабинетіңізде осы қызметтерге жазылыңыз
2. info.ukts@ukteplo.kz электрондық мекен-жайына мынадай ақпарат көрсете отырып хат жазыңыз:

- жеке тұлғалар үшін:
1)сіз есеп айырысу парағын алғыңыз келетін жеке шотыңыз және мекен-жайыңыз;
2) Пәтер иесінің біреуінің Т.А.Ә.;  
3) байланыс телефоны;
4) есеп айырысу парағын жіберуге тиісті электрондық пошта мекен-жайы.

- заңды тұлғалар үшін:
1) ұйымның атауы;
2) келісім-шарттың нөмірі;
3) есеп айырысу парағын жіберуге тиісті электрондық пошта мекен-жайы;
4) байланыс деректері (қосымша мәселелер туындаған жағдайда).

3. Немесе Жылу жүйелерінің дербес қызмет көрсету Орталықтарының операторларына мекен-жайлар бойынша өтініш толтыру:
- М. Горький көшесі, 61;
- Ворошилов к., 180;
- Ворошилов к., 156.

Қызмет шоттарды жеткізудің дәстүрлі әдісімен қатар қолданыста болады.