Шарт жасасу


Құрметті тұтынушылар!

Қазіргі уақытта «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның (бұдан әрі-ӨЖЖ АҚ) бақылаушылары тұтынушылармен жаңа редакцияда жылу энергиясын жабдықтауға арналған үлгілік шартқа сәйкес келетін жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттарды (бұдан әрі-шарт) қайта жасасу бойынша жұмысты жүзеге асыратынын Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.

Осылайша, «ӨЖЖ» АҚ-ның бақылаушысы тұтынушыларға барған кезде шартты қайта жасасу үшін мынадай құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін ұсыну қажет:
1. Пәтерге құқық белгілейтін құжаттарды (түпнұсқалар);
2. Пәтердің техникалық төлқұжатын (түпнұсқа);
3. Тіркелген жері бойынша Egov.kz электрондық үкіметтен тіркелгенін растайтын мәліметтер немесе тұратын адамдардың саны туралы қолхат;
4. Егер Сіз тұрғын үйді несиеге сатып алған болсаңыз, ипотекалық несиелеу шартын (түпнұсқасын) және пәтерге құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет;
5. Жеке куәлік (түпнұсқа).

Шартты сенімхат негізінде әрекет ететін иесі, тең иесі, қамқоршысы немесе уәкілетті өкілі қайта жасай алады.