Компания

Негізгі мәліметтер

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі – «ӨЖЖ» АҚ) 35 жылдан астан уақыт бойы жүз мыңнан астам тұтынушыларға жылу энергиясын өндіру, жеткізу, үлестіру және қамтумен айналысып келеді.

Жылу жүйелерінің ұзындығы 376,268 км құрайды, кәсіпорынның балансында 10 орталық жылыту пункті, 11 сорап станциясы және 6 қызмет етіп тұрған, орнатылған қуаттылығы 204,91 Гкал/сағ. Кәсіпорында барлығы 600 астам маман қызмет атқарады. Өскемен қаласының тұрғындары үшін «ӨЖЖ» АҚ-ның шағын қазандықтары жылына 149 846 мың Гкал мөлшерінде жылу энергиясын өндіреді, және оған қоса жылына 2 011 183 мың Гкал Өскемен ЖЭО-нан алынады.

«ӨЖЖ» АҚ-ның Жалғыз акционері Өскемен қалалық әкімдігі болып табылады.

Өскемен қалалық әкімдігінің 26.04.2012ж. №941 Қаулысы бойынша «Өскемен қаласының қаржы бөлімі» ММ, «ӨЖЖ» АҚ-ның құрылтайшысы болуға өкілетті   болып тағайындалған.

Өскемен қалалық әкімдігінің 05.07.2013г. №39 Қаулысы бойынша «ӨЖЖ» АҚ-ның 100% акциясын иелену және пайдалану құқығы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңға сәйкес «ӨЖЖ» АҚ-на қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып бекітілген «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ өкілеттілік берілді.   

Кәсіпорынның тарихы

«Өскемен жылу жүйелері» өз қызметін 1982 жылдың 19-шы қараша айынан бастады. 1983 жылдың тамыз айында «Өскемен жылу жүйелерінің» құрамына ӨК ЖЭО-ның балансынан қабылданған жылу жүйелерінің цехы және жер асты коммуникациялары енді, бұл жағдай жылу беру жүйесінің кеңеюіне және біздің тұтынушыларымыздың аумағын кеңейтуге мүмкіндік берді. Алайда сол уақытта Өскеменде тұрғындарды жылумен қамту мәселесімен бес энергиямен қамту ұйымдары айналысатын. 1997 жылы кәсіпорындар бірыңғай Алтай энергожүйесі болып біріктірілді, оны басқаруды AES корпорациясы қолға алды. AES ауқымды корпорациясы – бұл дүниежүзінің 28 елінде, 100 миллионнан астам адамға дейін қызмет көрсететін, басты және үлестіру бизнесімен айналысатын ең ірі компанияның бірі болып табылады. 2013 жылы «ӨЖЖ» АҚ мен AES корпорациясы арасында басқару шарты аяқталды.

Жылу жүйелері Өскемен қаласының ТКШ басқаруына берілді. Қазіргі таңда «ӨЖЖ» АҚ-ның құрамында «AES ӨК ЖЭО» АҚ-ның орталықтандырылған жүйесі, және Сол жақ жағалау казандықтары, Аблакетка кентінің, Меновное ауылының, Аэропорт және Промбаза, Аварийный шағын аудандарының қазандықтары қызмет етеді. «ӨЖЖ» АҚ-ның басым мақсаты жоғары үнемділікпен, өндірісің дәйектілігімен, жағымды қоршаған ортаны сақтау және жұмысты қауіпсіз атқару арқылы біздің тұтынушыларымызды жоғары деңгейде қанағаттандыру болып табылады.

Жетістіктер

  • 2010 жылдың 8-тамызы күні «ӨЖЖ» АҚ-ның акциялары ҚР қаржылық нарықты реттеу және қадағалау бойынша Агенттікте орналастырылып, сол жылдың 12-мамырында жарғылық капиталымен бірге ойдағыдай мемлекеттік тіркеуден өтті.
  • 2008 жылдан бастап кәсіпорынның қызметі еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық стандарттарға сәйкестігін бекітеді. 2011 жылдың маусым айында кәсіпорын сапа менеджментінің жүйесін енгізу және қолдану бойынша сертификатын алды.
  • Компания қызметкерлердің қауіпсіз еңбек етуіне үлкен көңіл бөледі. 2015 жылдың 1-маусымы бойынша қызметкерлер өндірісте қайғылы жағдайсыз 462 күн қызмет атқарды.

Әлеуметтік жауапкершілік

Дәстүрге сай жыл бойы «ӨЖЖ» АҚ ұқыпты тұтынушыларын құттықтап, алғыс хаттар мен сыйлықтармен марапаттап отырады:

  • жыл көлемінде жылу энергиясына толығымен төлем келген тұтынушылар Жаңа Жыл мерекесіне орай алғыс хат алады. Ал Бірнеше жыл көлемінде жылу энергиясы үшін уақытында төлеп келген және ЫСҚ есептеу аспабын орнатқан тұтынушылар марапаттау сыйлықтарын алады.
  • Жеңіс күні Мерекесіне орай ҰОС қатысушылар мен мүгедектер естелік сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болады.

Қайырымдылық жобалары

  • Солнечный кентін төтенше жағдайдың салдарынан қалпына келтіруге қатысты (2010 жыл). Шығын 1,5 млн. теңгені құрады.
  • Басқа AES бизнесімен бірлесе отырып күйік орталығының құрылысын жүргізді. Кәсіпорын 7,4 млн. теңге қаражат жұмсады.
  • 873 000 теңге мөлшерінде шығындар ауыр науқасқа шалдыққан балаларды емдеуге жұмсалды.
  • Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының құрғақ жемшөп сақтау қоймасын салуға көмек көрсетілді. Шығын 4 млн.теңгені құрады.
  • AES басқа бизнесімен бірлесе отырып Семей қаласының бала бақшасын қалпына келтіруге қатысты. Бұл жобаға кеткен кәсіпорынның шығыны жылына 18 млн. теңгені құрады. Бала бақшаның салтанатты түрде ашылуы 2012 ж. өтті.
22.03.2016 ж. бойынша жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

2017ж "ӨЖЖ " АҚ-ғы сыбайлас жемқорлық тәуекелінің ішкі талдауы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

Жалғыз акционердің дивидендтерді төлеу туралы шешімі