Ыстық судың жеке есептеу аспаптары (суесептегіштері)

Орнату

Құрметті тұтынушы!

ҚР 09.07.1998 ж. №272-1"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Заңына сәйкес реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері тұтынушыларға реттелетін коммуналдық қызметті есептеу құралдарын сатып алуға және оларды орнатуға міндетті, ал реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін тұтынушылардың реттелетін коммуналдық қызметті есептеу құралдары болуы міндетті, қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алу шартына сәйкес реттеліп көрсетілетін сатып алынған және орнатылған коммуналдық есеп құралы үшін уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге міндетті.

Алдымен Сізге орнату әдісін айқындау қажет. Сізге таңдау үшін бірнеше нұсқаларды ұсынамыз:

№ 1 тәсіл. Есепке алу аспабын «ӨЖЖ» АҚ бөліп төлеу арқылы орнату.

НАЗАР аударыңыз! Шартты тек пәтер иесі немесе тең иесі жасасуы мүмкін.

  1. Сізге кварталаралық жүйені тексеру үшін 701-722 вн.5391 тел.немесе М. Горький к. 61, № 108 каб. мекен-жайы бойынша өтінімді рәсімдеу қажет. Тексеру тегін жүргізіледі. Қосымша шығындар пайда болуы мүмкін құбырлардың, вентильдердің қанағаттанарлықсыз жағдайында және аспапты орнату үшін габариттік орынның болмауы кезде ғана (келісім-шартты жасасу алдында кемшіліктерді жою қажет) туындауы мүмкін. Тексеруден кейін Сізге Акт беріледі.
  2. Есептеу аспабын орнату үшін мына мекен-жайға М. Горький көшесі 61 бөл. № 108 шарт жасасу үшін есептеу құралын орнатуға хабарласу қажет. Өзіңізбен бірге болуы қажет: жеке куәлігі, пәтер иелігіне құқығын белгілейтін құжаттар және тексеру Актісі. Егер пәтердің иелену құқығын растайтын құжаттар банктің кепілінде болса, сізге ипотекалық несие беру келісім-шартын, пәтердің иелену құқығын растайтын көшірмелерімен (жекешелендіру шарты, сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту және т. б.), пәтердің техникалық төлқұжаты (жоспар), пәтерідің құжаттарының түпнұсқасы банкте екендігі туралы банктен анықтама немесе ХҚҚО-нан № 2 нысанды анықтама (1 күнге жарамды) ұсыну қажет. Есептеу аспабын орнату күнін мамандармен келісіңіз.
  3. Аспапты орнатқан соң бір ай ішінде «Өскемен-Водоканал» МКК пайдалануға қабылдау актісінің ксерокөшірмесін ұсыныңыз.

    Бөліп төлеу арқылы аспапты орнату құны:
    - орнатылған айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін аспаптың сатып алу және орнату құнын төлеу кезінде – 9 852 тг ҚҚС-есепке алумен;
    - 6 айға бөліп төлеу арқылы аспаптың сатып алу және орнату құнын төлеу кезінде - 10 155 тг ҚҚС-есепке алумен;
    - 12 айға бөліп төлеу арқылы аспаптың сатып алу және орнату құнын төлеу кезінде – 10 608 тг. ҚҚС-есепке алумен.


№2 тәсіл. Монтаждау ұйымының есептеу құралын орнату оны пайдалануға беру арқылы.

  1. Келесі ұйымның кез-келгеніне есептеу аспабын орнату күнін келісу және құнын нақтылау үшін хабарласыңыз:

    Пломба жасайтын монтаждау ұйымының атауы Телефон
    ЖШС «Айдабол-Компани» 52-25-22
    8 771 302 10 12
    «НПО Движение» ЖШС 25-22-22
    «Кузнецов и К» ЖШС 26-73-43
    «Предприятие ВТИ» ЖШС 26-58-70
    «Служба сервиса Добрыня» ЖШС 24-39-87
    «Востокэнергосервис» ЖШС 77-25-11
    22-49-29
    «East Rich плюс» ЖШС 70-55-14
    МТК Сервисная служба (ЖК Герасимов И. С.) 54-11-11

  2. Есептеу аспабын орнатқан соң осы ұйымның өкілі дереу пломбалайды және Сізге төлқұжатты, пайдалануға қабылдау актісін және «ӨЖЖ» АҚ және “Оскемен-Водоканал” МКК орнату туралы деректі өзі береді. Есептеу аспабы бойынша санау осы күннен басталады.

№ 3 тәсіл. Есепке алу құралын өз бетімен дербес орнату немесе монтаждау ұйымының күшімен, кейіннен «ӨЖЖ» АҚ өкілімен пломбалау арқылы.

  1. Есептеу аспабын өз бетімен дербес орнатыңыз, немесе монтаж жасайтын кез-келген ұйымға хабарласыңыз.
    Осындай ұйымдардың кейбірінің телефон нөмірі төменде келтірілген:

    Пломба жасамайтын монтаждау ұйымының атауы Телефон
    «Сантехводопровод» ЖШС 62-40-03
    8 705 800 77 25
    «Дружба» ЖШС 53-44-52
    ЖК Майер 70-90-83
    8 705 243 57 58


  2. Орнатқаннан кейін 700-202 тел.арқылы қоңырау шалыңыз және аспапты пломбалау үшін «ӨЖЖ» АҚ "УКТС" бақылаушыны шақырыңыз. Бұл қызмет тегін жүргізіледі.

    Есептеу аспабын пломбалау кезінде пәтерде жасы 18 жастан жоғары отбасы мүшесі қатысуы тиіс. Бақылаушы пломбалаудың алдында тексереді:
    - батареяда шүмектердің болмауын;
    - осы аспаптың төлқұжатының болуы;
    - дайындаушы-зауыт пломбаларының сақталуын
    - есептеу аспабын тексеру кезінде ыстық судың болуы, ал аяқталған құбырды монтаждау ас үйде және санторапта;
    -дұрыс монтаждау мен техникалық шарттардың орындалуы: сүзгінің бар-жоғы, жалғануын тексеру, аспаптың бүтіндігі, механикалық зақымданулардың болмауы, конденсаттың болмауы.

    Осы талаптар сақталмаған жағдайда есептеу аспабы кемшіліктер жойылғанға дейін пайдалануға рұқсат етілмейді (пломбаланбайды), бұл ретте кемшіліктердің тізілімі көрсетілген рұқсат бермеу актісі жазылады.
    Барлық талаптары сақталған кезде есептеу асп абы пайдалануға қабылданған болып саналады, ол туралы 2 данада пайдалануға беру актісі жасалады (бірі иесінің өзінде қалады, екіншісі «ӨЖЖ» АҚ бақылаушына беріледі). Есептеу құралы бойынша есеп жүргізу пломбаланған күннен бастап жүргізіледі.

  3. Аспапты орнатқан соң бір ай ішінде «Өскемен-Водоканал» МКК пайдалануға қабылдау актісінің ксерокөшірмесін ұсыныңыз.

Тексеру


Назар аударыңыз: есепке алу аспабының тексеру мерзімі аяқталуы алдында Сізге ыстық судың көрсеткіштерін «ӨЖЖ» АҚ қажет беру.

Төменде тексеру тәсілдері көрсетілген:

№1 тәсіл. Монтаждау ұйымының есептеу аспабын алмастан тексеру (бөлшектемей).

  1. Төменде есепке алу аспабын алмастан үйде тексеру өткізу үшін қоңырау шалу қажет ұйымдардың тізімі келтірілген:

    Монтаждау ұйымының атауы Телефон
    «Сараптау және Сертификаттау Ұлттық Орталығы» АҚ 26-20-03

    ЖШС «Айдабол-Компани» 52-25-22
    ЖШС «НПО Движение» 25-22-22
    ЖШС «Востокэнергосервис» 77-25-11
    ЖШС «East Rich плюс» 70-55-14

    Назар аударыңыз: аталған тексеру тәсілін таңдау кезінде есептеу аспабынан пломбаны алу қажет емес!

    Салыстырып тексеруді жүргізу үшін есепке алу аспабының техникалық төлқұжатын дайындау қажет. Тексеру құнын монтаждау ұйымы белгілейді.

    Тексерген соң монтаждау ұйымының маманы тексеру туралы төлқұжатты береді және «ӨЖЖ» АҚ және “Оскемен-Водоканал” МКК деректі өзі береді. 

№2 тәсіл.Монтаждау ұйымының есептеу аспабын алумен тексеру.

  1. «ӨЖЖ» АҚ бақылаушысын 700-202 тел.арқылы аспаптан пломбаны алу үшін шақырыңыз. Бақылаушы пломбаны алады және 2 данада пломбаларды алып тастау туралы акті (бір иесінің өзінде, екіншісі «ӨЖЖ» АҚ қалады). Осы күннен бастап норма бойынша есептеу жүргізіледі.

  2. Келесі фирмалардың кез келгеніне қоңырау шалыңыз:

    Монтаждау ұйымының атауы Телефон
    ЖШС «Айдабол-Компани» 52-25-22
    ЖШС «East Rich плюс» 70-55-14

    Сізбен тағайындалған күні монтаждау ұйымының өкілі аспапты шешеді және тексеруге алады, бұл ретте Сізге ыстық суды пайдалануға мүмкіндікті қамтамасыз етеді.

    Тексеруден кейін маман есептеу аспабын бұрынғы орнына орнатады, пломбалайды және тексеру туралы төлқұжат береді. Содан кейін өз бетінше «ӨЖЖ» АҚ және “Оскемен-Водоканал” МКК өзі мәліметтерді береді.

    Тексеру құны монтаждау ұйымымен белгіленеді.

№3 әдіс. Құйылу станциясында тексеру тұтынушының өзі дербес есептеу аспабын шешіп және жеткізу арқылы.

  1. «ӨЖЖ» АҚ бақылаушысын 700-202 тел.арқылы аспаптан пломбаны алу үшін шақырыңыз.
  2. Аспапты шешіп алыңыз және оны келесі аккредиттелген құйылу станциясына апарыңыз:

    Монтаждау ұйымының атауы Телефон Мекенжайы
    ЖШС «Айдабол-Компани» 52-25-22 Ворошилов көш., 99
    «Сараптау және Сертификаттау Ұлттық Орталығы» АҚ 26-20-03

    Қазақстан көш., 5
    ЖШС «Востокэнергосервис» 77-25-11
    22-49-29
    Краснознаменная көш., 149 б

    Тексеру құнын монтаждау ұйымы белгілейді.

  3. Тексеруден кейін есептеу аспабын алған орнына орнатыңыз.
  4. «ӨЖЖ» АҚ бақылаушысын 700-202 тел.арқылы аспаптан пломбаны алу үшін шақырыңыз.

    ЕСКЕРТУ: Егер Сіз көрсетілген мерзімде жеке есепке алу аспабын (суесептегішті) тексеруден өткізуді орындамасаңыз, және тиісті мерзім уақытынан 1 ай және одан да көп уақыт өтсе, Сіз пломбаны өзіңізге ала аласыз, себебі салыстырып тексеру мерзімі өтіп кеткен есепке алу аспаптары пайдаланудан автоматты түрде шығарылады. Тексеру мерзімдері бойынша ақпаратты 700-202 тел.арқылы нақтылауға болады. Call-орталығының 700-202. Жұмыс режимі: жұмыс күндері сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін үзіліссіз, сенбі сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін үзіліссіз, демалыс күні – жексенбі.


Апат жағдайында немесе құбырларды жөндеу (ауыстыру) жұмыстары кезінде аспапты ауыстыруға пайдаланудан шығару.


№ 1 тәсіл. Ыстық суды есепке алу аспабын монтаждау ұйымымен шығару, кейіннен пломбалар орнатумен келесі ұйымдардың кез-келгені орындайды:

Ұйым Телефон
ЖШС «Айдабол-Компани» 52-25-22
8 771 302 10 12
ЖШС «НПО Движение» 25-22-22
ЖШС Предприятие «ВТИ» 26-58-70
ЖШС «Кузнецов и К» 26-73-43
ЖШС «Служба сервиса Добрыня» 24-39-87
ЖШС «East Rich плюс» 70-55-14
ЖШС «Востокэнергосервис» 77-25-11
22-49-29
МТК Сервисная служба (ИП Герасимов И. С.) 54-11-11

Жұмыстар аяқталғаннан кейін осы ұйымның өкілі аспапқа пломбаны орнатады және шығару және пайдалануға беру актілерін «ӨЖЖ» АҚ береді.

№ 2 тәсіл. «ӨЖЖ» АҚ бақылаушысымен есептеу аспабын шығару, егер есепке алу аспабын ауыстыруды тұтынушы өз еркімен немесе жұмыс бойынша жөндеу (ауыстыру) құбырларды өндіретін болады немесе № 1 тәсілде көрсетілген арқылы кез келген монтаждау ұйымдары арқылы ауыстырғанда қолданылады.

Есепке алу аспабын пайдалануға енгізу және шығару үшін сізге 700-202 тел. арқылы тапсырысты рәсімдеу қажет. Бұл қызметтер тегін жүргізіледі.

№ 3 тәсіл. ПИК слесарімен есепке алу аспабын шығару, апатты ахуал немесе ПИК арқылы аспапты ауыстыру болған жағдайда пайдаланылады.

  1. ПИК слесарі тастайды есепке алу аспабының пломбасын шешеді және пәтер иесінің мекен-жайы, аты-жөнін, пломбаны алу күнін, барлық ыстық суды есепке алу аспаптарының тиісті нөмірлерін көрсете отырып акт жасайды. Актіге қатысушылардың бәрі, ПИК төрағасы қол қояды, және мөрмен куәландырылады.
  2. Актіні 3 күн ішінде «ӨЖЖ» АҚ Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен беру қажет:
    2.1 «ӨЖЖ» АҚ жеке қызмет көрсету Орталықтарына мекен-жайлар бойынша беру:
    • М. Горький көшесі,61, 101 каб.;
    • Ворошилов көшесі, 156, 101 каб.;
    • Ворошилов көшесі, 180, абоненттік бөлімі.
    2.2 pribor.ukts@ukteplo.kz. электрондық поштасына сканерленген түрінде жіберу.

Есепке алу аспабын пайдалану шығару кезінде ыстық суды тұтыну үшін есептеу нормалар бойынша жүргізіледі.

Көрсеткіштерді беру тәсілдері

БІРІНШІ ТӘСІЛ
Сіздің жеке кабинетіңіз арқылы www.ukteplo.kz сайтында.

ЕКІНШІ ТӘСІЛ
ukts.sms@mail.ru электрондық мекен-жайына Сіздің жеке шотыңыздың, мекен-жайы және ыстық суды есептеу аспабының түпкілікті көрсеткіштерін көрсете отырып хат жіберіңіз, және сіз өз e-mail бойынша алдын ала есептеу ақпаратын берілген көрсеткішты ескере отырып беріңіз.

ҮШІНШІ ТӘСІЛ
Call-орталығының 560-900 тел.арқылы дауыстық поштаға тәулік бойы қоңырау шалу. Дауыстық мәзірде дыбыстан кейін мекен-жайын, аты-жөнін, байланыс телефоны және түпкілікті көрсеткіштерін атау арқылы.

ТӨРТІНШІ ТӘСІЛ
Егер Сіз жылу энергиясы үшін терминал арқылы төлесеңіз, онда төлеу кезінде ыстық суды есептеу аспабының соңғы көрсеткіштерін көрсетіңіз.

БЕСІНШІ ТӘСІЛ
Жылу энергиясы үшін банкке немесе Казпочта арқылы төлеу кезінде ыстық суды есептеу құралының соңғы көрсеткіштерін кассирге хабарлап айтасыз.

АЛТЫНШЫ ТӘСІЛ
СМС-хабарлама арқылы
+7 777 535 52 69 немесе +7 702 224 24 80 нөмірлері бойынша
Мәтінді теру форматы: *жеке шот (санның тоғыз белгілері) немесе мекен-жайы# түпкілікті ыстық суды есептеу аспабының соңғы көрсеткіштері №1# ыстық суды есептеу аспабының түпкілікті көрсеткіштері №2#.

ЖЕТІНШІ ТӘСІЛ
Көрсеткіштерді Call-орталықтың 700-202 тел.арқылы күн сайын (жексенбіден басқа күндері) сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін (сенбі-9.00-ден 14.00-ге дейін) беруге болады. Бұл ретте жылу энергиясы бойынша Сізді қызықтырған барлық ақпаратты білуге болады.

СЕГІЗІНШІ ТӘСІЛІ
Көрсеткіштерді «ӨЖЖ» АҚ дербес қызмет көрсету Орталығының операторына мына мекенжай бойынша: М. Горький көшесі,61 101 каб., "Шығысэнерготрейд" ЖШС Ворошилов к., 156, 101 каб., немесе «Өскемен-Водоканал» МКК, Ворошилов көшесі, 180 орналасқан абоненттік бөлімде.

ТОҒЫЗЫНШЫ ТӘСІЛ
Бланк толтырып және оны дербес қызмет көрсету Орталығында мына мекенжай бойынша: М. Горький көшесі,61 мекен-жайы бойынша 105 каб.қарама-қарсы орналасқан «Жылуесептегіштің көрсеткіштері үшін» жәшігіне салу арқылы.

Есептеу

Тіпті егер шығын жоқ болса да ыстық суды есепке алу аспабының көрсеткіштерін беру қажет.
Ыстық су үшін есептеу келесідей жүргізіледі:
  • берілген көрсеткіштерге сәйкес;
  • көрсеткіштер болмаған жағдайда - орташа шығыны бойынша, ол әрбір тұтынушы үшін жеке болып табылады;
  • көрсеткіштер болмаған жағдайда және орта шығын бойынша есептеу үшін деректер болмаған жағдайда – ЫСҚ бір адамға айына алынатын нормативтік шығын бойынша.

Азаю жағына қарай бұрын есептелген көрсеткіштер бойынша ыстық суды қайта есептеу тек тұтынушының жазбаша өтініші бойынша бойынша жүргізіледі!
пәтерден бір айдан астам мерзімге уақытша кетіп қалған жағдайда сізге белгілі бір кезеңге тұрмайтыны туралы өтініш жазу қажет мына мекен-жайға: М. Горький көшесі, 61-үй, 101-кабинет немесе 700-202 телефон бойынша ыстық суға есептеу жүргізбеу үшін хабарлау қажет. Сапарға шығар алдында ыстық суды есепке алу аспабының кезеңаралық тексеру мерзімінің аяқталу мерзімін тексеру керек, және егер мерзімі аяқталып қалса, онда салыстырып тексеруді жүргізу қажет («Салыстырып тексеруді» қос. қараңыз).