Жаңа клиенттерді қосу немесе қолданыстағы жүктемені арттыру тәртібі

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі- «ӨК ЖЖ» АҚ) Сіздерді бүгінгі күні «ӨК ЖЭО» ЖШС (Үлбі, Октябрь ауданы, ЖМК ш/а.) №2 Қазандық (ЖМК ш/а., Куленов к., Үлбі к., және 19 т.а.) және №5 Қазаңдық Жаңа-Ахмир, №6 Қазандық Меновное к. шағын ауданы жылу көздерінен жылу энергиясы тапшылығының негізінде техникалық шарттарды (бұдан әрі ТШ) беру тоқтатылғаны туралы хабарлайды.


Қосылған жүктемені және берілген техникалық шарттарды ескере отырып, жылу көздері қуатының талдауы бойынша 31.03.2023 жылға «Жылу энергиясының тапшылығын» көрсетті.

ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 24-бабы 12-тармағының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, энергия беруші ұйым «ӨК ЖЖ» АҚ реттелетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос және қолжетімді қуаттардың, қолданыстағы жабдықтың еркін резервінің болмауына байланысты ТШ беруден бас тартуға құқылы.

Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының» 2-бөлімінің 6-тармағына сәйкес энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдардың Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес тұтынушыға сапалы жылу энергиясын қамтамасыз етуге техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда тұтынушыларды жылумен жабдықтау жүйелеріне қосу жүзеге асырылмайды.

Кеңес алу үшін мына 8 (7232) 701-535 телефон арқылы алуға болады.



Құрметті тұтынушылар!

Біз орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосылудың техникалық шарттарын қашықтан алуға көмектесетін веб-портал қайтадан жұмыс істеп тұрғанын қуанышпен хабарлаймыз. Әзірлеушілер тобы Сізге мүмкіндігінше ыңғайлы болу үшін өтініш беру процесін жеңілдетті. Енді Сіз «Өскемен қаласының геопорталы» веб-порталында өтінім қалдыра аласыз және біз оны мүмкіндігінше тезірек пысықтаймыз және қосымша ақпарат қажет болса, Сізбен хабарласамыз.

Назар аударыңыз!

Жаңа жылу тұтыну объектілерін немесе қосымша жылытылатын қуаттарды қосу мәселелерін қазіргі уақытта Өскемен қаласының мынадай шағын аудандары бойынша қарауға болады: Аблакетка кенті (№3 қазандық); Әуежай шағын ауданы (№4 қазандық); Меновное кенті Племстанция (№7 қазандық); Щербаков шағын ауданы (№8 қазандық); Шлюзная көш. (№9 қазандық); Новая Согра кенті, Радужное ауылы, Солнечное ауылы «Согра ЖЭО» ЖШС жылу көзінен. Қол жетімді мүмкіндіктер туралы қосымша ақпарат ukteplo.kz сайтындағы кәсіпкерлерге/техникалық шарттарды беру тәртібі және жаңа тұтынушыларды қосу тәртібі қойындысында.
Қаланың орталық және сол жағалау бөлігінде жаңа жылу тұтыну объектілерін немесе қосымша жылытылатын қуаттарды қосу «ӨК ЖЭО» ЖШС және «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның №2 қазандық жылу көздерін қайта жаңғырту мен кеңейтуден кейін мүмкін болады.

Бұл жаңа құрал тұтынушыларымыздың тәжірибесін жақсартуға және техникалық шарттарды алу процесін жеңілдетуге және ыңғайлы етуге көмектеседі деп үміттенеміз.
Біздің қызметтерді пайдаланғаныңыз үшін рахмет!