Пресс-релиз

28.09.2022

«Өскемен жылу жүйелері»  АҚ (бұдан әрі-«ӨЖЖ» АҚ) 2022 ж. 29 қыркүйектен бастап Өскемен қаласында 2022-2023жж. жылу беру маусымының басталуы жарияланатынын хабарлайды.
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның 27.09.2022 жылғы № 538 бұйрығының және Өскемен қаласы әкімі орынбасарының 27.09.2022 жылғы № 5113/ШН-4/623  шығыс хатының негізінде  2022 жылғы 29 қыркүйектен бастап 2 қазанға дейін қоса алғанда «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның жылумен жабдықтау жүйесіне қосылған объектілерде, оның ішінде Жаңа Согра кенті, Радужный кенті, Солнечный ауылы объектілерінде жылу беру маусымының басталатынын  жариялайды.
Жылуға қосылу, өткен жылдардағыдай, жылу тұтыну объектілерінің техникалық дайындығын ескере отырып, 29 қыркүйектен бастап 4 күн ішінде кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.