15.08.2023
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің міндеттемелерін, атап айтқанда инвестициялық бағдарлама іс-шараларын орындау шеңберінде баспасөз турын өткізуді көздеп отыр.
Мәселен, 2023 жылғы 17 тамызда сағат 11:00-де «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-мен Мызы көшесі, 35 (жылу желісі-инвестициялық бағдарламаның нысаны) мекенжайы бойынша бару жоспарлануда.
Осыған байланысты, «Өскемен жылу жүйелері» АҚ БАҚ өкілдерін және барлық мүдделі тұлғаларды осы іс-шараға қатысуға шақырады.
Қосымша сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады:
+7 777 672 85 09