26 сәуірде Өскемен қаласында жылу беру маусымы аяқталады

25.04.2023

2023 жылғы 26-шы сәуірде қала әкімдігінің хаты және «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның бұйрығына сәйкес Өскемен қаласында жылу беру маусымы аяқталады. Жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы және Қазақстан Республикасында өзін-өзі басқаруды» Заңы негізінде және ғимараттар мен құрылыстарды жылу беруді талап етпейтін сыртқы ауаның тұрақты оң орташа тәуліктік температурасына байланысты қабылданды (МҚН 4.02-02-2004 «Жылу жүйелері»).

 Өтініш бойынша «Өскемен ЖЭО» ЖШС және «Согра ЖЭО» ЖШС (Жаңа Согра кенті) жылу көздерінен қосылған тұтынушыларға төмендетілген гидравликалық параметрлерде жылыту жүйелерін пайдалануға рұқсат етіледі:

- балабақшаларға, мектептерге, ауруханаларға, оның ішінде есепке алу аспаптары жоқтарға 26.05.2023 ж. дейін;

- меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға жылу жүйелеріндегі жылу энергиясын есепке алу аспаптары және жалпы үй есептегіш аспаптары бар көппәтерлі тұрғын үйлерге 26.05.2023 ж. дейін.

 Өтініштер оның ішінде электронды түрде е-mail ukheatnets@ukteplo.kz. арқылы қабылданады.

 Өтініште тұтынушы міндетті түрде қосымша «төмендетілген гидравликалық параметрлердегі жылу беру жүйесінің жұмысына келісемін» деп жазуы керек. Өтініштер «ӨЖЖ» АҚ, М. Горький көшесі,61, дербес қызмет көрсету орталығы, жұмыс режимі 08: 00 – ден 18:00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбі күні 09:00-ден 14:00-ге дейін, жексенбі-демалыс күндері қабылданады.

 Сұрақтарды кәсіпорынның Instagram @ukts_info парақшасында қоюға болады.