2023-2024 жылу беру маусымы бойынша баспасөз-ақпарат

02.10.2023

Өскемен қаласы әкімі орынбасарының шығ. № 2806¬/ШН¬2/478 хаты негізінде «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның «2023-2024 жылғы жылу беру маусымының 2023 жылғы 2 қазаннан басталуы туралы» 29.09.2023 жылғы № 369 бұйрығы бекітілді.

Жылу жүйесін қосу, өткен жылдары сияқты, жылу тұтыну нысандарының техникалық дайындығы есепке алынып, 2023 жылғы 2 қазаннан бастап 4 күн барысында кезең-кезеңмен жүргізіледі.

Техникалық дайындығын растайтын төлқұжаты жоқ нысандар дайындық жұмыстарының барлық түрлерін тапсырғаннан кейін ғана жылуға қосылады

Кәсіпорынның күзгі-қысқы кезеңнің жұмысына дайындық паспорты 21 қыркүйекте алынды.

Қатты отын қоры 2023 жылдың 29 қыркүйегі 24 954 тоннаны құрайды, бұл көрсеткіш нормативтік қордың 48 тәулігіне сәйкес келеді.

Жылу жүйесін қосу күндері туралы ақпаратты төменгі көздерден табуға болады:
•    ukteplo.kz сайтындағы жеке кабинет
•    «Өскемен ЖЖ жеке кабинеті» мобильді қосымшасы
•    +7 747 427 40 22 нөмірі бойынша WhatsApp чат-боты
•    @UKTSbot Telegram чат-боты

29.09.2023 жылы мерзіміне жылу энергиясын есепке алу аспабы және Дайындық актісі бар нысандар жылу жүйесіне қосылды:
•    Тұрғын үйлер (көп пәтерлі): 165
•    Тұрғын үйлер (жеке сектор): 444
•    Мектептер, балабақшалар және т.б. балаларға арналған мекемелер: 110
•    Медициналық мекемелер: 42
•    Әкімшілік және оларға теңестірілген мекемелер: 90
•    Әлеуметтік нысандар: 8

Алдағы жылу беру маусымына техникалық дайындықтың болмауының негізгі себептері:
•    Дайындық жұмыстарының тиісті уақытында орындалмауы
•    Қызмет көрсетуші жұмысшылардың жеткілікті біліктілігінің болмауы
•    Жөндеу жұмыстарының тиісті сапасының болмауы
•    Жыл сайын орындалатын жөндеу жұмыстары көлемінің жеткіліксіздігі