«Өскемен жылу жүйелері» АҚ жылу жүйелері жылу тасымалдағышының ең жоғары температурасына сынақтар жүргізу

25.03.2022

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі «ӨЖЖ» АҚ) Өскемен қаласында 2022 жылдың 28 наурызы мен 2022 жылдың 12 сәуірі аралығындағы кезеңде кестеге сәйкес № 2,3,4,5,6,7,9 қазандықтарына, «Согра ЖЭО» ЖШС және «Өскемен ЖЭО» ЖШС қосылған жылу жүйелері жылу тасымалдағышының ең жоғары температурасына сынақ жүргізілетіні туралы хабарлайды. Сынақтар жүргізу кезеңінде «Өскемен ЖЭО» ЖШС, №2, №3 қазандықтарының жылу көздері жылу тасымалдағышының ең жоғары температурасы 110 оС құрайды. «Согра ЖЭО» ЖШС жылу көзінің ең жоғары температурасы сынақтар жүргізу кезеңінде 105 оС құрайды. Қалған жылу көздері үшін жылу тасымалдағыштың максималды температурасы 75 °C дейін көтеріледі. Бұл сынақтар жоспарлы іс-шаралар болып табылады және бұл кезеңде ыстық сумен жабдықтау өшіріледі. Сынақтардың мақсаты - жылу тасымалдағыш температурасын ең жоғары мәнге дейін жоғарылату, сондай-ақ оны кейіннен бастапқы деңгейге дейін төмендету кезінде туындайтын құбыр жолдарының, компенсаторлардың, тіректердің барлық ақауларын, температуралық бұзушылықтарын анықтау болып табылады, жылу тасымалдағыштың ең жоғары температурасына жүргізілетін сынақтарға  барлық жылу жүйесі тартылады.
Сынақтар жүргізу кезеңінде телефонограммаларға сәйкес жылу шаруашылығына жауапты тұлғалар төмендегі әрекеттерді жүзеге асыруға міндетті:
•    балаларға арналған, оқу, емдеу және оларға теңестірілген мекемелердің жылыту, ыстық сумен жабдықтау, калориферлері бар желдету жүйелерін жылу желісінен ажыратып, сенімді түрде өшіру;
•    тұрғын үйлердің, әкімшілік және өндірістік нысандардың ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жылу желісінен ажыратып, сенімді түрде өшіру;
•    нысандар бойынша өшірілген жүйелердің, сондай-ақ сынақтар жүргізілетін жүйелердің техникалық жағдайына бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
•    тұтынушыларға сынақтар жүргізу кезеңінде ыстық суды пайдалануға тыйым салынатыны туралы хабарлау;
•    тұтынушыларға сынақтар жүргізілетін құбырлар мен арматуралардың техникалық жағдайына бақылау жүргізетін қызметкерлердің қай жерде орналасқаны, олармен байланыс көздері туралы хабарлау, олардың мекенжайын көрсету.
Балаларға арналған, оқу, емдеу және оларға теңестірілген мекемелердің жылу тұтыну жүйелерінен басқа, жылу тұтыну нысандары жылыту жүйелерінің және барлық жылу жүйелерінің жылу тасымалдағыштарының ең жоғары температурасына сынақтар жүргізіледі.
Тұтынушылар сақтық шараларын қабылдауы, жылу тұтыну жүйелерін бақылауды қамтамасыз етуі тиіс, яғни, ыстық суды пайдалануға жол бермеуі қажет.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, алдағы қолайсыз жағдайларға түсіністікпен қарауды сұраймыз, барлық қажетті мәселелер бойынша кәсіпорынның Instagram @ukts_info парақшасына, сондай-ақ кәсіпорынның ukteplo.kz сайтына сұрақтарыңызды қойып, жүгінуге болады.