Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің "ӨЖЖ" АҚ білім беру іс-шарасы

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Ж.Е. Байділдин «Өскемен жылу жүйелері» АҚ басшылық құрамымен 2022 жылдың 30 наурыз айында «Өскемен жылу жүйелері» АҚ әкімшілік ғимаратында кеңес өткізді, онда «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы» және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі қаралды.

Осы тұжырымдамаға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, тәрбиелеу және білім беру шараларын жүйелеу, мемлекеттік аппарат пен бизнес-қоғамдастық өкілдерін парасатты мінез-құлыққа ынталандыру арқылы сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамауға қол жеткізілетін болады. Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас жемқорлықты экономикалық және бедел жағынан тиімсіз етуге бағытталған - деп атап өтті өз сөзінде Ж.Е. Байділдин.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану, оның ішінде корпоративтік сектор үшін де өзекті міндет болып табылады.