Жылыту кезеңіне дайындық

Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес, Өскемен қаласының орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған барлық объектілерде жылу маусымы басталғанға дейін дайындық жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Минималды жұмыстар тізімі 25 сәуір – 15 қыркүйек аралығында орындалуы қажет:
  • Өткен жылыту маусымында анықталған жылу жүйелерінің ақауларын жою.
  • Қабылдау-тапсыру жұмыстарын жүргізу.
  • «Шығыс Жылу» АҚ өкілінің қабылдау белгісі қойылып, "Жылу энергиясын қабылдауға объектінің техникалық дайындығы туралы актіге" енгізілуі керек.
Техникалық нормативтердің минималды талаптар:
  • Жылу энергиясының сапасын қамтамасыз ету.
  • Жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің температуралық графикке сәйкестігін сақтау.
  • Ғимараттардағы температуралық режимді нормативтерге сай ұстау.

Техникалық дайындық актісі Қазақстан Республикасының қолданыстағы техникалық нормативтеріне сәйкес, жылу энергиясын қабылдауға дайындық деңгейін анықтайды.

Жылыту маусымына дайындық барысында келесі нормативтік құжаттарға сүйену қажет:

  1. "Жылу энергиясын пайдалану ережелері" (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 18.12.2014 жылғы № 211 бұйрығымен бекітілген).
  2. "Жылу энергиясын тасымалдау және тарату жүйелерін (жылу желілерін) техникалық пайдаланудың үлгілік нұсқаулығы" (Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің 10.02.2012 жылғы № 4 бұйрығымен бекітілген).
  3. "Тұрғын үй қорының техникалық пайдалану ережелері" (Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің 29.12.2010 жылғы № 606 бұйрығымен бекітілген).
  4. МСН 4.02-02-2004 "Жылу желілері" (Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 12.03.2013 жылғы № 3 бұйрығымен бекітілген).
  5. СН РК 4.01-01-2011 "Ғимараттар мен құрылыстардың ішкі су құбыры және канализация жүйелері".
  6. СП РК 4.02-102-2003 "Жабдықтар мен құбырлардың жылу оқшаулауын жобалау".
Осы талаптарды орындау – жылыту маусымының үздіксіз және сапалы өтуінің кепілі!

Сұрақ қою
Тек сұрағыңызды жазыңыз