Тұтынушыларға

2025 жылғы 1 тамыздан бастап жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу, жабдықтау қызметтеріне арналған босату тарифтері

Құрметті жылу энергиясын тұтынушылар!

«Шығыс Жылу» АҚ-ның Риддер қаласындағы филиалы сіздерге ыңғайлы болу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету форматында жылумен жабдықтау қызметі (жылыту және ыстық су) бойынша келесі цифрлық сервистер жұмыс істейтінін хабарлайды:

  • есептеу аспаптарының/су есептегіштердің көрсеткіштерін беру;
  • төлем сомасын білу;
  • сверка актісін/есептік парақты жүктеп алу;
  • есептеу аспаптарының/су есептегіштердің тексерісі туралы ақпарат алу;
  • тарифтер туралы ақпарат алу.

ӨЗІҢІЗГЕ ЫҢҒАЙЛЫ ЦИФРЛЫҚ СЕРВИСТІ ТАҢДАҢЫЗ:

  • Play Market және App Store-дан жүктеп алуға болатын «Шығыс Жылу» мобильді қосымшасы;
  • ukteplo.kz сайтындағы жеке кабинет;
  • WhatsApp чат-боты +7 747 942 35 56;
  • Telegram чат-боты UKTSbot.

Назар аударыңыз, көрсеткіштерді ай сайын беру қажет!
Өз жеке шотыңызды ukteplo.kz сайтында «тұтынушыларға/шот бойынша ақпарат» бөлімінен (әрі қарай Риддерді таңдау) білуге болады.

Біз Instagram-да бармыз @ridder_teplo.
Жазылыңыз және қалаңыздағы жылу бойынша барлық жаңалықтардан хабардар болыңыз!

Құрметті Риддер қаласының тұтынушылары!

Сіздер үшін үйден шықпай-ақ жылу энергиясымен жабдықтау қызметін көрсетуге шарт жасасу мүмкіндігі пайда болды! https://edoc.ukteplo.kz сілтемесіне өтіп, жаңа қызметті қолданыңыз.

Жылу энергиясымен жабдықтау қызметін көрсетуге шартты ОНЛАЙН ЖАСАУ!

Қызметті алу процесі бірнеше қарапайым қадамнан тұрады:

  1. https://edoc.ukteplo.kz сілтемесі арқылы Коммуналдық қызметтер орталығы порталына өтіңіз;

  2. Алдын ала ақпаратпен танысыңыз, «Риддер қаласының тұрғын үйде тұратын жеке тұлғалары үшін жылу энергиясымен жабдықтау қызметін көрсетуге шарт жасасу» бөлігін басыңыз;

  3. ЭЦҚ немесе egov.mobile мобильді қосымшасы арқылы авторизациядан өтіп, қызметке тапсырыс беріңіз;

  4. Өтінішті ресімдеңіз.

Шарт жасалғаннан кейін дайын құжат электрондық түрде қалыптастырылады және басып шығару мүмкіндігі беріледі.

2024 жылғы 1.08-ден 2025 жылғы 31.03-ке дейін «Шығыс Жылу» АҚ-ның Риддер қаласындағы филиалымен көрсетілетін жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтеріне арналған босату тарифтерінің прейскуранты.

2025 жылғы 1.04-тен 2026 жылғы 31.03-ке дейін «Шығыс Жылу» АҚ-ның Риддер қаласындағы филиалымен көрсетілетін жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтеріне арналған босату тарифтерінің прейскуранты.

«Шығыс Жылу» АҚ-ның Риддер қаласындағы филиалы хабарлайды:

Қазақстан Республикасы ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаментінің 2025 жылғы 11 шілдедегі №125-ОД бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 1 тамыздан бастап 2026 жылғы 31 наурызға дейін жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу, жабдықтау қызметтеріне келесі босату тарифтері (ҚҚС-сыз) бекітілді:

  • халыққа – 4 338,65 теңге/Гкал,
  • бюджеттік ұйымдарға – 27 385,92 теңге/Гкал,
  • өзге тұтынушыларға – 12 547,53 теңге/Гкал,
  • коллекторлары бар кәсіпорындарға – 26 352,05 теңге/Гкал,
  • ИП «Рябинина Е.Ф.» жылу желілеріндегі нормативтік шығындарға – 5 188,45 теңге/Гкал.

Ыстық сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау қызметтеріне ақы мөлшері (ҚҚС-сыз):

  • ыстық сумен жабдықтау қызметіне ақы (айына) – 1 232,18 теңге/адам,
  • ыстық сумен жабдықтау қызметіне ақы (1 м3 үшін) – 390,48 теңге/м3,
  • жылумен жабдықтау қызметіне ақы – 12 айға есептегенде ай сайын – 86,77 теңге/м2,
  • жылумен жабдықтау қызметіне ақы – 7 айға есептегенде ай сайын – 148,73 теңге/м2.

«Халық» тұтынушылар тобы үшін жалпы ауданының көлеміне сәйкес келесі тарифтер бекітілді:

1-ші кіші топ – жылыту алаңы 100 м2-ден кем жеке тұлғалар үшін:

    

Тариф, теңге/Гкал ҚҚС-сыз

Жалпы алаңы 100 м2 дейін

4 338,65


2-ші кіші топ – жылыту алаңы 100 м2-ден артық, бірақ 200 м2-ден кем жеке тұлғалар үшін:

    

Тариф, теңге/Гкал ҚҚС-сыз

Жалпы алаңы 100 м2 дейін

4 338,65

100 м2-ден артық  4 772,52

3-ші кіші топ – жылыту алаңы 200 м2-ден артық жеке тұлғалар үшін:

    

Тариф, теңге/Гкал ҚҚС-сыз

Жалпы алаңы 100 м2 дейін

4 338,65

Келесі 100 м2 4 772,52

200 м2-ден артық 10 042,53
Сұрақ қою
Тек сұрағыңызды жазыңыз