«Өскемен жылу жүйелері" АҚ келесі мүлікті сатуға тендер түрінде қайталама сауда-саттық жариялайды

Тендер нысанында қайта сауда-саттық өткізу туралы хабарландыру:

 

1.       «Өскемен жылу жүйелері" АҚ келесі мүлікті сатуға тендер түрінде қайталама сауда-саттық жариялайды:

р/н

Нысанның атауы

Сатудың ең төменгі бағасы, теңге

1

Skoda Oktavia New, мем.нөмірі F530PD

772 000

2

Skoda Oktavia A4, мем.нөмірі F438KV

734 000

Трактор колесный К-701, мем.нөмірі F428AFD

955 000


2.Өтінімдерді қабылдау және қатысушыларды тіркеу орны: Өскемен қаласы, Рабочая көшесі, 6/1, ЖПБ ғимараты каб. № 1. Тендерге қатысушыларды тіркеу Ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және 2020 ж. «20» мамырда сағат 16.00-де аяқталады.

3.Қайта тендер өткізу күні, орны және уақыты: Өскемен қ., М. Горький к-сі, 61, конференц-зал «21» мамыр 2020 ж. сағат 10.00-де. .

4.Сауда– саттықтың нысаны мен әдісі-тендер, сату объектісін сатып алу бағасы туралы коммерциялық ұсынысты сатып алушы жабық конвертте береді.

5.Тендерге қатысушылардың кепілдік жарнасы лот сомасының 1%-ын құрайды және «Өскемен жылу жүйелері» АҚ кассасына қолма-қол ақшамен жеке лотқа енгізіледі немесе «Өскемен жылу жүйелері» АҚ -ның банктік шотында:ЖСК KZ4796504F0007334332 Өскемен қ. «ForteBank» АҚ филиалында IRTYKZKA, БСН 970340000020

Сатушы кепілдік жарнаны қайтармайды:

- Жеңімпазға-ол сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан жағдайда;

- Сатып алушыға - ол сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда.

6.Сатушының орналасқан жері: 070004, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қ., М. Горький к-сі, 61, тел./факс +7 (7232) 269543

7.Сату объектісі және қайта тендер өткізу тәртібі туралы ақпаратты алу тәсілдері:ақпаратты 701-722 іш.тел. 5430, 21-63-74 бойынша ӨК ЖЖ АҚ МжКҚ басшысы Н.Н. Светличныйдан алуға болады.

8.Қайталама сауда-саттық өткізу тәртібі, оның ішінде сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу,сауда-саттық жеңімпазын анықтау шарттары туралы: тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттық өткізу туралы мәліметтерді ұсыну қажет:

- тендерге қатысуға өтінімді, Өтінім нысанын 7-тармақта хабарландырубөлігінде көрсетілген тұлғадан алуға болады;

- төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын құжат (ЖСН);

- өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;

- сату нысанының сатып алу бағасы туралы коммерциялық ұсыныс (жабық конвертте беріледі);

- кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын құжат;

- байланыс деректері (пошталық мекен-жайы, телефон, факс, эл.пошта).

Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің немесе тіркелген заңды тұлға туралы анықтаманың (БСН) көшірмесін қосымша ұсынады.

Комиссия ұсынысы сату объектісі үшін ең жоғары бағаны қамтитын қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялайды. Егер екі және одан да көп қатысушылардың ұсыныстарында бірдей баға болған жағдайда, өтінімі қатысушылардың басқа өтінімдерінен бұрын қабылданған, ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушы тендер жеңімпазы болып танылады. Комиссия тендер қорытындысын коммерциялық ұсынысы бар конверттерді ашқан күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады. Тендердің нәтижелері тендер аяқталғаннан кейін комиссия төрағасы және Комиссияның барлық мүшелері және сауда-саттық өткізілген күні жеңімпаз қол қоятын тендер нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді.

Тендер нәтижелері туралы хаттама тендердің нәтижелерін және жеңімпаз мен сатушының сату объектісін сатып алу-сату шартын жасасу міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпаз тендер қорытындылары шығарылған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей сатып алу-сату шартын жасасуға міндетті.