«Өскемен жылу жүйелері» АҚ келесі мүліктерді сатуға тендер формасында саудаласуды өткізуді жариялайды

Тендер формасында саудаласуды өткізу туралы хабарландыру:

1. «Өскемен жылу жүйелері» АҚ келесі мүліктерді сатуға тендер формасында саудаласуды өткізуді жариялайды:

р/н

Жылжымайтын мүліктің атауы және кадастр.нөмірі  

Мекенжай

Сатылудың ең төмен бағасы, теңге

1

Гараж,

05:085:028:052:2/ДД

ШҚО, Өскемен қ., Промышленная көш., 2 үй

3 758 761

2.Сұраныстарды қабылдау орны және қатысушыларды тіркеу: Өскемен қаласы, Рабочая көш., 6/2, ЖПҚ ғимараты, 310 кабинет немесе 311 кабинет «21» қыркүйек 2018ж. 16.00 дейін. Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен басталады және «21» қыркүйек 2018ж. 16.00 дейін аяқталады. Ұсыныстарды беру мерзімінің бұзылуы, уақытынан кешіккен тұлғаны тендерге қатысушылардың есебінен шығаруға әкеледі.  

3.Тендерді өткізудің күні, орны және уақыты: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 61,    конференц-залында «24» қыркүйек 2018ж. 10.00.сағ өтеді.

4.Саудаласудың формасы мен тәсілі – тендер, сатылатын нысанның сатып алу бағасы туралы коммерциялық ұсыныстарды Сатып алушы жабық конвертте ұсынады;

5.Тендерге қатысушылардың Кепілдік жарнасының лот сомасының 1% құрайды және әрбір лотқа жеке «Өскемен жылу жүйелері» АҚ кассасына қолма-қол ақша төлеу арқылы немесе «Өскемен жылу жүйелері» АҚ банктік есепшотына аударылады: ЖИК KZ4796504F0007334332«ForteBank» АҚ, БСК IRTYKZKA, БСН 970340000020

Кепілдік жарнаны Сатушы қайтармайды:

- Жеңімпазға – оның саудаласудың қорытындысына қол қоюдан немесе сату-сатып алу Шартын жасаудан бас тартқан жағдайда;

- Сатып алушыға – оның сату-сатып алу шарты бойынша орындамауы немесе толық дұрыс орындамауы жағдайында.

6.Сатушының орналасқан мекен жайы: 070004, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қ.,   М. Горький көшесі, 61, тел./факс +7 (7232) 269543

7.Сатылу нысандары және тендерді өткізу тәртібі туралы ақпараттарды алу тәсілдері: Ақпаратты 701-722 тел. іш. 5416 тел. ұялы тел.: 8 777 98 16 988 «Өскемен жылу жүйелері» АҚ ЖПҚ бастығы В.Ф.Габербуштан    алуға болады.

8. Саудаласуды өткізу тәртібі, соның ішінде саудаласуға қатысуды рәсімдеу туралы, Саудаласудың жеңімпазын анықтау шарттары: тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін, ұсынылу қажет:  

- тендерге қатысуға тапсырыс. Тапсырыс формасын хабарландырудың 7 т. көрсетілген тұлғадан алуға болады;

- төлқұжат немесе басқа жеке басының куәлігін растайтын құжат (ЖСН);

- Өкілдің уәкілеттігін куәлендіретін құжат;

- сатылым нысанын сатып алу бағасы туралы коммерциялық ұсыныс (жабық конвертте ұсынылады);

- кепілдік төленгенін растайтын құжат;

- байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, эл.пошта).

Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары қосымша заңды тұлғалардың тіркелуі туралы куәліктің көшірмесін немесе тірлкелген заңды тұлға туралы анықтаманы ұсынуы тиіс(БЖН).

Комиссия сатылым нысаны үшін ең жоғары бағаны мазмұндайтын ұсыныс білдірген тендерге қатысушыны тендердің жеңімпазы ретінде жариялайды.   Егер екі немесе одан көп Қатысушының ұсынысының бағасы бірдей болатын болса, онда басқа тендерге қатысушылардан сұранысы бұрын болған , тендердің шартына сәйкес келетін Қатысушы тендердің Жеңімпазы болып танылады.   Комиссия коммерциялық ұсынысы бар конверттерді ашқан күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей тендердің нәтижесін шығарады. Тендердің нәтижесі тендердің қорытындысының хаттамасымен рәсімделіп, оған комиссия төрағасы, және тендер аяқталған соң барлық комиссия мүшелері мен жеңімпаз қол қою арқылы жүзеге асырылады.   

Тендердің нәтижесі туралы хаттама тендердің қорытындысын тиянақтайтын және жеңімпаздың және сатушының сатылым нысанының сату-сатып алу шартын жасауға міндеттейтін    құжат болып табылады. Жеңімпаз сату-сатып алу шартын тендердің нәтижесін шығарған күннен соң 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жасауға міндетті.