Құқықтық сауаттылықты арттыру арқылы сыбайлас жемқорлықты азайту

Құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтардың құқықтық әлеуметтік белсенді мінез-құлқын қалыптастыру мақсатында, Конституцияда белгіленген негізгі құндылықтарға сәйкес, «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-да 2023 жылғы 16 наурызда «Құқықтық сауаттылықты арттыру арқылы сыбайлас жемқорлықты азайту» тақырыбында семинар өткізді.
Азаматтар мен кәсіпкерлерді құқықтық ақпараттандырудың жеткіліксіздігі, ақпаратты сапалы беру арналарының болмауы немесе тиімсіздігі көптеген жағдайларда заңның өрескел бұзылуына, олардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіруге себеп болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру үшін Әділет министрлігі құқықтық насихатты жетілдіру бойынша Әдістемелік ұсынымдарды бекітті (Әділет министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 806 бұйрығы). Құжатта азаматтар мен кәсіпкерлерді олардың құқықтары туралы нақты ақпараттандырудың әртүрлі тетіктері бар.
Құқықтық актілерді түсінікті және қысқа тілде, оның ішінде цифрлық құралдарды пайдалана отырып түсіндіруге ерекше назар аударылады.
Әзірленген ұсынымдарға сәйкес әрбір мемлекеттік орган өз қызметінің бағыты бойынша өмірлік жағдайлар мен заңды деректердің тізбесін, сондай-ақ осы жағдайларда іс-қимыл алгоритмін айқындауға тиіс.