Жаңалықтар

02.06.2023
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның Жалғыз акционері 2023 жылғы 26 мамырда келесі Шешім қабылдады – «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның аудиттелген қаржылық есептілік нәтижелерін ескере отырып: 1) 2022 жылға дивидендтер төлеуді жүргізбеу, 2) «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы 2022 жылға дивиденд мөлшерін анықтамау.
23.05.2023
Құрметті тұтынушылар!
Мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен және өз арасында цифрлық форматта жан-жақты әрекеттесуі басымдығын белгілейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» № 872 Жарлығын және цифрлық трансформация жөніндегі жалпы республикалық бағдарламаларды қолдау жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында «Өскемен жылу жүйелері» АҚ 2023 жылдың 1-ші шілдесінен бастап Горький көшесі, 61 мекенжайындағы басқарма ғимаратында орналасқан жеке кассаларды жабады.  
18.05.2023
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ тұтынушыларға жылу энергиясы төлемақысын уақытында төлеу қажет екені туралы еске салады және 2023 жылғы 25 мамырдан бастап борышкерлердің пәтерлерінде ыстық суды өшіру рейдтерінің жүргізілуі басталатыны жөнінде  хабарлайды. Күтпеген қолайсыз жағдайдың туындауына жол бермеу үшін «Өскемен жылу жүйелері» АҚ жылу энергиясы қарызын уақытында төлеуге кеңес береді.
27.04.2023
Өскемен қаласында орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосылудың техникалық шарттарын алу үшін веб-портал қайтадан жұмыс істейді. Енді қосылуға өтініш беру оңайырақ және ыңғайлы. Қаланың орталық және сол жағалау бөлігіне қызмет көрсету жылу көздерін қайта құру мен кеңейтуден кейін мүмкін болады
25.04.2023

2023 жылғы 26-шы сәуірде қала әкімдігінің хаты және «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның бұйрығына сәйкес Өскемен қаласында жылу беру маусымы аяқталады. Жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы және Қазақстан Республикасында өзін-өзі басқаруды» Заңы негізінде және ғимараттар мен құрылыстарды жылу беруді талап етпейтін сыртқы ауаның тұрақты оң орташа тәуліктік температурасына байланысты қабылданды (МҚН 4.02-02-2004 «Жылу жүйелері»).

05.03.2024
Сонымен қатар, есептеу құралдарының көрсеткіштерін беру үшін мыналарды
30.03.2023
"Өскемен жылу желілері" АҚ тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында бекітілген тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы 2022 жылдың қорытындысы бойынша есептің өткізілгені туралы хабарлайды, ол 2023 жылғы 27 сәуірде сағат 15-те мына мекенжай бойынша өтеді: М. Горький, 61 (201 каб., конференц-зал, 2 қабат).