Жылыту маусымының басталуына қортынды

20.10.2017

          «Өскемен жылу жүйелері » АҚ-ның 27.09.2017 жылғы № 457 Бұйрығы және Өскемен қаласының әкімінің орынбасары Е.С.Конырбаевтың 27.09.2017 жылғы № ШН-4/709 хаты негізінде, «Өскемен жылу жүйелері » АҚ-ның  жылу көзіне қосылған барлық объектілерге жылу маусымы 02.10.2017 ж. 09.10.2017ж .  аралығында басталды.
    Тұтынушыларды жылыту жүйесін қосу кестеге сәйкес техникалық дайындықтың болуына байланысты жүргізілді.
    Өскемен қаласы бойынша «Өскемен жылу жүйелері » АҚ-ның  жылуымен қамтылатын 1552 көппәтерлі тұрғын үй тірклген.  09.10.2017ж.  сағат 17.00-ге 1536 көппәтерлі тұрғын үй қосылды. Қосылмаған 16 көппәтерлі тұрғын үй қалды.
    Қосылмаған көппәтерлі  тұрғын үйлерді қосу 10.10.2017ж. 18.10.2017ж. аралығында  жүргізілді, атап айтқанда:
10.10.17ж. 1 үй
11.10.17ж. 3 үй
12.10.17ж. 3 үй
13.10.17ж. 6 үй
16.10.17ж. 1 үй
17.10.17ж. 1 үй
18.10.17ж. 1 үй
        Жылу жүйелерінің қосылмауының негізгі себептері объектілердің жылуды қабылдауғатехникалық дайындықтың болмауы. Қосылмаған үйлердің жылу шаруашылығына жауапты тұлғалар   объектілерде дәнекерлеу жұмыстарын және басқада техникалық іс шаралар жүргізді. Кейбір объектілерде жылуды тұтыну жүйесінің толық жөнделуі уақытында аяқталмаған.
    18.10.2017ж. сағат 12.00-ге «Өскемен жылу жүйелері » АҚ қамтитын көппәтерлі тұрғын үйлердің барлығы қосылды.