Ренат Саяхатович Уразбаев

Ренат Саяхатович Уразбаев
Бас директор

Ренат Саяхатович барлық күш-жігерін кәсіпорынның дамуына, оның қызметінің қаржы-шаруашылық нәтижелерін арттыруға, қаланы жылу энергиясымен сенімді және үздіксіз қамтамасыз етуге, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағыттап келеді. Қызметкерлердің еңбекке деген ынтасын дамыту, олардың бастамасын және белсенділігін арттыру қағидаттарын ұстанады.

2006 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық университетін "Өнеркәсіптік жылуэнергетика" мамандығы бойынша, 2008 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан Мемлекеттік университетіін "Заңтану" мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын "Өскемен Жылу жүйелері" АҚ-да 2009 жылы жылу желілерін жөндеу және қызмет көрсету бойынша слесарь мамандығынан бастады, содан кейін диспетчер, инженер, кейін Үлбі ауданының жылу желілерінің бастығы болды, кейіннен жылу энергиясын табыстау бөлімшесінің директоры қызметін атқарды.

2014-2015 жылдары Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінің "Жылуэнергетика" мамандығы бойынша Мемлекеттік Аттестаттау Комиссиясының мүшесі болды. ЖМ-600 жылу магистралінің бас учаскесін ауыстыру, ЖМ-700 Астана к-сі мен Крылов к-сі қиылысында көпір астында жылу магистралінің учаскесін ауыстыру, Лениногорская к-сі сорғы станциясын қайта құрылымдау бойынша жобалау сияқты бірнеше инвестициялық бағдарламаларды сәтті жүзеге асырды. 2011 жылы Защита ш/а «ӨЖЖ» АҚ-на бергеннен кейін оның жабдықтары мен желілерін қанағаттанарлық жағдайға келтірді.

2017 жылы елімімздің әлеуметтік- экономикалық дамуына қосқан үлесін үшін "Еңбек үздігі" құрметті атағымен, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылған күніне орай «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына 25 жыл» төсбелгісімен, "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалімен, "Халық алғысы" медалімен марапатталды.

2017 жылғы 27-ші ақпанда «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның бас директоры лауазымына тағайындалды.


Жұмыстан бос уақытында отбасымен және достарымен қала сыртында демалуды ұнатады. Сондай-ақ, ауыр атлетикамен айналысады.