Алла Викторовна Фатеева

Алла Викторовна Фатеева
Қаржы директоры

Алла Викторовна кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты басқарады және оның өндірістік-шаруашылық қызметінің қаржыландыру көздерін айқындайды. Ол үшін өндірісте шығындарды азайту бойынша әдістерді үнемі жетілдіру және өнімді сату мен өндірістің тиімділігін арттыру өндіру өте маңызды болып табылады.

Өзінің кәсіби жолын 1992 жылы «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ның инженері қызметінен бастады. Жылу жүйелеріне Алла Викторовна 1997 жылғы қаңтарда сату бөлімінің инженері қызметіне келді, 2010 жылы осы бөлімді басқарды. Тұтынушылармен есеп айырысудың биллингтік жүйесін, төлемдерді қабылдау спектрін кеңейту бойынша жобаларды, тұтынушылардың қарызын өндіріп алу бойынша жүйелерді, ISO 9001:2008 сапа менеджменті жүйесін енгізуді жасаумен айналысты. 2016 жылдың ақпан айынан бастап қаржы директоры лауазымына тағайындалды.

Жоғары білімді Томск қаласында басқарудың автоматтандырылған жүйесі және радиоэлектроника институтында алды. 2014 жылы халықаралық бизнес Университетінде "Экономика"мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.

Алла Викторовнаның пікірінше, кәсіпорынның болашағы тұтынушылардың барлық нысандарында есепке алу аспаптарын орнатуда және коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін реттеу және жылу тұтынуды реттеу мен диспетчерлендіруде болып табылады. Бұл тұтынушыларға нақты алынған жылу энергиясы үшін уақытында төлеуге, және соның салдары ретінде, кәсіпорынның уақтылы, сапалы және толық көлемде жөндеу жұмыстарын жүргізуге және өндірісті жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Жаз айларында Алла Викторовна туризммен және балық аулаумен айналысады, ал қыс мезгілінде тау шаңғысымен сырғанауды ұнатады.